К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет247/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

экспираторлар — деп атайды.


Инспираторлар 
1. Дорсальды тісше инспиратор (m. serratus dorsalis inspiratorius)
көкірек керегесінің алдыңғы жоғарғы жағында орналасады. Дорсальды тісше 
инспираторды сыртынан ромб тəрізді бұлшық ет, тісше вентральды жəне
арқаның тым ұзын бұлшық еттері жауып тұрады. Дорсальды тісше 
инспиратор пішіні тістерге ұқсаған бірнеше жалпақ келген ет таспаларынан
құралады. 
Олар
қабырғалардың 

омыртқалық


ұштарының 
алдыңғы
жиектерінен 
басталып,
алдыңғы

көкірек
омыртқалардың 


жоталық
өсінділерінде аяқталады. 


Ерекшеліктері. Жылқыда бұлшық еттің тісше таспаларының саны 7-8.
Бұлшық ет тісшелері 5 -інші қабырға мен 11-12 -інші қабырғалар аралығында 
орналасады. Сиырда бұлшық ет 4-6 тісше таспалардан тұрады. Олар 5 -інші
қабырға мен 9 -ыншы қабырғалар аралығында орналасады. Қой мен ешкі 
бұлшық еттерінде 3 тісше таспа, төртінші жəне алтыншы қабырғалар
аралығында; шошқа бұлшық еттерінде 4-5 тісше таспа, бесінші жəне 
сегізінші қабырғалар аралығында; ит бұлшық етінде 8 тісше таспа, екінші
жəне тоғызыншы -қабырғалар аралығында орналасады. 


Қызметі. Бұлшық ет тісше таспалары қабырғаларды сыртқа, жоғары
жəне алға тартып, қабырғаларды бір-бірінен ажыратады да, көкірек қуысын 
кеңейтеда.
2. Қабырғаны көтергіш бұлшық еттер (m.m. levatores costarum)
қабырғалардың омыртқалық ұштарының алдыңғы жиектерінен басталып, 
алдыңғы омыртқалардың көлденең осіңділерінде аяқталады.

Қызметі. Бұлшық еттер қабырғалардың жоғарғы ұштарын көтеріп,
көкірек куысының кеңеюіне көмектеседі. 

222



3. Сыртқы қабырғааралық бұлшық еттер (m.m. intercostales externi) 
қабырғалардың алдыңғы жиектерінен басталып, алдыңғы қабырғалардың
артқы жиектерінде аяқталады. 


Қызметі. Кейінгі қабырғаларды алдыңғы қабырғаларға қарай сыртқа
тартып, оларды бір-бірінен ажыратып, көкірек қуысын кеңейтуге қатысады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет