К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет265/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

5. Алмұртша бұлшық ет (m. piriformis) жеке бұлшық ет ретінде тек
итте ғана кездеседі. Алмұртша бұлшық ет құйымшақ сүйек пен құйымшақ-
шонданай байламынан басталып, бұлшық еттің сіңірлі құйрығы ортан
жіліктің үлкен ұршығында аяқталады. Бұлшық ет беткей бөксе бұлшық 
етінің астында жатады.

Қызметі. Алмұртша бұлшық ет бөксе бұлшық еттерімен бірге жамбас-
ортан жілік буынын жазуға қатысады. 


Санарты экстензорлар тобының бүлшық еттері: 

1. Санның екібасты бұлшық еті (m. biceps femoris) жамбас пен сан
аумағы терісі мен шандыры астында орналасқан ет. Оның бір басы 
құйымшақ сүйектің жоталық өсінділері мен құйымшақ шонданай
байламынан, ал екінші басы шонданай төмпегінен басталып, бұлшық еттің 
екі басы ортақ құрсақка бірігеді де, жалпақ сіңірге айналады. Аяқталатын


234
жерлеріне байланысты бұлшық еттің жалпақ сіңірі тобықтық, асықты 


жіліктік жəне өкшелік тармақгарға ажырайды. Олар тобық аумағының,


асықты жілік қырының жəне өкше төмпегінің латеральды бетінде аяқталады. 
Бұлшық еттің өкшелік тармағы басқа бұлшық еттердің сіңірлерімен қосылып,

тірсек сіңірін /ахилл сіңірі/ құрайды. Ол өкше төмпегінде аяқталады.
Ерекшеліктері. Жылқыда санның екібасты бұлшық етінің омыртқалық
басы тек құйымшақ сүйектен басталады. Сиырда, ұсақ малда жəне 


шошқада ол беткей бөксе бұлшық етімен бірігіп, бөксе-кібасты бұлшық ет
деп аталады. Итте бұлшық еттің омыртқалық басы нашар жетілген. 


Қызметі. Санның екібасты бұлшық еті бірнеше буындарға əсер етеді.
Ол жамбас-ортан жілік буынын жəне тобық буынын жазады. Асықты 
жіліктік тармағы буынды бүгеді жəне артқы аяқты сыртқа қарай
айналдырады. Өкшелік тармақ тілерсек буынын жазады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет