К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет273/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

қайтаратын жануарларда асықты жіліктің алдыңғы бұлшық етінің екі басы
болады. Бұлшық еттің сіңірі үшінші шыбық бұлшық еті сіңірінің арасымен 
өтіп, III мен IV артқы жіліншік жəне II мен III тілерсек сүйектерінде
аяқталады. Шошқада бұлшық еттіңсіңірлі құйрығы II тілерсек жəне II 
жіліншік, ал итте ол беткей орналасып, I тілерсек пен I жəне II жіліңшік
сүйектерінде аякталады. 


Қызметі. Асықты жіліктің алдыңғы бұлшық еті тілерсек буынын бүгеді.

2. Асықты жіліктің артқы бұлшық еті (m. tibialis caudalis) асықты
жіліктің артқы (плантарлы) бетінде орналасады. Ол бөлек бұлшық ет ретінде 
тек итге ғана кездеседі, ал басқа жануарларда бакайды бүгетін терең
бұлшық еттің құрамында болады. Асықты жіліктің артқы бұлшық еті шыбық 
сүйектің проксимальды бөлігінен басталады. Ет құрсағы асықты жіліктің
медиальды жиегімен дистальды бағытга төмен түсіп, итте орталық жəне I 
тілерсек сүйектерде, ал басқа жануарларда бақайды бүгетін терең бұлшық
еттің сіңірінде аяқталады. 


Қызметі. Асықты жіліктің артқы бұлшық еті итте тілерсек буынын
жазады, ал басқа жануарларда ол бақай буындарына да əсер етеді. 


З.Үшінші шыбық бұлшық еті (m. peronaeus tertius) ортан жіліктің
латеральды айдаршықүсті жазғыш шұңқырынан жəне бақайдың ұзын 
жазғыш бұлшық еті сіңірінен басталып, асықты жіліктің жазғыш сайы
арқылы өтеді де, сирақ аумағында бақайдың ұзын жазғаш бұлшық етінен 
ажырайды. Тілерсек буынының тұсында сіңірге айналып, жіліншік
сүйектерде аяқталады. 


Ерекшеліктері. Жылқыда үшінші шыбық бұлшық еті сіңірлі етке
айналып, статикалық қызмет атқарады. Оның сіңірлі құйрығы үш бөлікке 
ажырайды. Латеральды бөлігі өкше сүйек пен IV тілерсек сүйекте, ортаңғы
бөлігі орталық жəне III тілерсек сүйек пен III артқы жіліншік басында, 
медиальды бөлігі орталық жəне III тілерсек сүйек пен III жəне II жіліншік
сүйектері бастарында аяқталады. Күйіс қайтаратын жануарлар мен 


шошқада үшінші шыбық бұлшық еті етті болып келеді жəне беткей
орналасады. Бұлшық еттің сіңірлі қорығы ІІ+ІІІ тілерсек сүйектерде жəне 
III+IV артқы жіліншік бастарында, ал шошқада I жəне II тілерсек сүйектері
мен II артқы жіліншік басында аяқталады. Итте бұл бұлшық ет қысқа 
байламға айналып, III артқы жіліншік басында аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет