К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет264/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

2. Ортанғы бөксе бұлшық еті (m. gluteus medius) сербектен, қүйымшақ


төмпегінен жəне бел аумағынан басталып, ортан жіліктің үлкен ұршығына
барып бекиді. Бөксе бұлшық еттерінің ішіндегі ең қомақтысы. 


Ерекшеліктері. Жылқыда ортащы бөксе бұлшық еті сыртынан
түгелімен беткей бөксе жəне санның екібасты бұлшық еттерімен жабылған, 
Бұлшық еттің басталатын ұшы мықын сүйектен омыртқа бағанына қарай
өтіп, арқаның тым ұзын бұлшық етінің бел бөлігіне дейін созылады. Сиырда, 


ұсақ малдарда жəне шошқада аталмыш бұлшық етті бөксе-екібасты
бұлшық еттің сыртынан жауып жатады. Итте аталған бұлшық еттің 
каудальды бөлігі беткей бөксе бұлшық етінің астында жатады.

Қызметі. Ортаңғы бөксе бұлшық еті жамбас-ортан жілік буынын
жазады. Сонымен қатар, ол абдукторларға да көмектеседі. 


3. Қосымша бөксе бұлшық еті (m. gluteus accessorius) ортаңғы бөксе
бұлшық етімен бірігіп кетеді. Ол мықын сүйек қанатынан басталып, үлкен 
ұршықта аяқталады.

Ерекшеліктері. Жылқыда қосымша бөксе бұлшық еті ортаңғы
ұршықтың бүйірінде, сиыр мен ұсақ малдарда оның алдыңғы бетінде 
аяқталады.

Шошқада қосымша бөксе бұлшық етінің екі сіңірлі құйрығы болады.
Бір сіңірлі құйрығы үлкен ұршыққа, ал екінші сіңірлі құйрығы ортан жілік 
денесіне бекиді. Итте ортаңғы бөксе бұлшық етімен бірігіп кеткен.

Қызметі. Қосымша бөксе бұлшық еті жамбас-ортан жілік буынын
жазады.

4.Терең бөксе бұлшық еті (m. gluteus profundus) ортаңғы бөксе бұлшық
етінің астында орналасады. Ол шонданай қырынан басталып, ортан жіліктің 
үлкен ұршығында аяқталады.

Ерекшеліктері. Жылқыда ортаңғы ұршыққа бекиді.

Қызметі. Терең бөксе бұлшық еті басқа бөксе бұлшық еттермен бірге
жамбас-ортан жілік буынын жазуға қатысады. Ал жеке жиырылғанда, терең 
бөксе бұлшық еті жамбас-ортан жілік буынының абдукторы қызметін де
атқарады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет