123 — сурет. Түксіз тері эпидермисі
1 — мүйізді қабат, 2 — жылтырауық қабат, 3 — дəншелі кабат, кылтанакты қабат, 5
— негіздік (базальды) қабат, 6 — борпылдақ дəнекер ұлпасы, 7 — тер безінің шығару
өзегі.
Төменгі негіздік (базалды) қабатты негіздік жарғақта бір қабатта
орналасқан, пішіні призма тəрізді эпителиоциттер (эпидермоциттер)
құрайды. Олардың аралықтарында аздаған меланоциттер кездеседі.
Эпидермоциттер бір-бірімен өзара десмосомалар, ал негіздік жарғақпен
жартылай
десмосомалар
арқылы
байланысады.
Негіздік
қабаттың
эпидермоциттері митоз арқылы үздіксіз көбейіп жататын жас камбиальды
жасушалар. Олардың цитоплазмасында белокты синтездеуге қатысатын
органеллалардың барлығы да (гранулалы эндоплазмалықтор, рибосомалар,
Гольдж кешені) жақсы жетілген. Эпидермоциттердің аралықтарындағы
өсінділі меланоциттер бояғыш зат меланин пигментін түзеді. Күннің
ультракүлгін сəулелері əсеріне байланысты меланин көп мөлшерде түзіліп,
тері күңгірттеніп, организмді күн сəулелерінің қатерлі өсерлерінен қорғайды.
Қылтанақты қабатты пішіні дөңгелекше немесе көп қырлы келген, 2-3
қатарда орналасқан эпидермоциттер түзеді. Бұл эпидермоциттер қабатын
"қылтанақты қабат" — деп атаудың себебі, осы қабаттағы эпидермоциттерді
жеке оқшаулаған кезде, олардың денелерінде қылтанақ тəрізді өсінділері
болады. Эпидермоциттер цитоплазмасында жұмсақ мүйізді белоктық
жіпшелер тонофибриллалар түзіле бастайды. Қылтанақты қабаттағы
эпидермоциттердің аралықтарында терінің бөгде заттарға немесе түрлі
сыртқы əсер етуші факторларға қарсы реакциясын қамтамасыз ететін арнайы
иммундық дендроциттер (Лангерганс жасушалары) де кездеседі. Бұлардың
эпидермоциттер арасындағы үлесі 2-7% -ға тең. Қылтанақты қабат
эпидермоциттері митоз арқылы бөлініп, көбеюге бейім. Сондықтан, базальды
жəне қылтанақты қабаттарды біріктіріп, өсу қабаты — деп те атайды.
245
Достарыңызбен бөлісу: |