К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет278/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Тері туындысы сүт безінен (желіннен) алынатын сүттен əр түрлі тамақ
өнімдері (ірімшік, қаймақ, балқаймақ, балмұздақ, құрт, қымыз, айран, шүбат 
т.б.) өндіріледі.
Терінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері. Тері
қурамының 70% -ы судан тұрады. Құрғақ затының негізін коллаген белогі 
құрайды. Тері құрамындағы органикалық заттардан көп кездесетіні липид
(май). Ол денедегі барлық липидтің 2% -ына тең. Мысалы, терінің 5% -ы 
бейтарап май жəне май қышқылдары, 1% -ын холестерин құрайды. Тері
кұрамына сілтілі металдар калий, натрий, магний, кальйий жəне металл емес 
бром, фтор, йод, фосфор т.б. химиялық элементтер кіреді. Денедегі ас
тұзының 1/3 теріде болады. Tepi берік те серпімді мүше. Оның мүйізді 
қабаттары мен туындылары электр тоғын өткізбейді. Жарақаттанудан соң,
оның қалпына келу процесі жедел жүреді. 
122 — сурет. Терінің гистологиялық құрылысы 
1 — эпидермис, 2 — тері, 3 — дерма (нагыз тері), 4 — шел қабаты, 5 — түк сабағы, 6 
— түк қабының (фолликулының) шұңқыры, 7 — түк түбірі, 8 - тер безінің өзегі, 9 — май
безі, 10 — түк көтергіш ет, 11 - түк фолликулы (тұк қабы), 12 - тер безі, 
13 - түк баданасы, 14 - түк емізікшесі, 15 - теріасты венасы, 16 ~ шелдегі май қабаты.

244



Терінің құрылысы. Тері құрылысы жағынан қабатты мүше, Ол үш 
қабаттан: теріүсті қабаттан (эпидермистен), дермадан (нағыз теріден) жəне
теріасты қабаттан (шел қабатынан) тұрады. 


Эпидермис (epidermis) — терінің сыртқы ең жұқа теріүсті қабаты. Ол
жануарлар терісі қалындығының 1-2% -ын құрайды. Эпидермис көпқабатты 
жалпақ мүйізделетін эпителийден тұрады. Эпидеристің қалыңдығы, құрылыс
ерекшеліктері жануарлардың түрлеріне, тұқымдарына, жыл мерзімдеріне, 
терідегі түктің болу-болмауына тікелей байланысты. Эпидермисте қан
тамырлары болмайды. Ол астындағы дерманың емізікше қабатындағы қан 
капиллярлары арқылы қоректенеді. Эпидермис сезімтал жүйке ұштарына
бай. Түксіз тері эпидермисінде, мысалы, мұрын, ерін қаңсарларының теріүсті 
қабатында бір-бірінен анық ажырайтын бес қабат болады. Оларға: төменнен
жоғарыға қарай негіздік (базальды), қылтанақгы, дəншелі, жылтырауық жəне 
мүйізді қабаттар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет