241
Қызметі. Бақайдың ұзын жазғыш бұлшық еті бақай буындарын жазып,
тілерсек буынының бүккіш жəне тобық буынының жазғыш бұлшық еттеріне
көмектеседі.
2. Бақайдың бүйірлік жазғыш бұлшық еті (m. extensor digitorum
lateralis) сирақ аумағының латеральды бетінде жатады. Ол асықты жілік пен
шыбық сүйектің латеральды айдаршықтарынан басталып, топай сүйекте
аяқталады.
Ерекшеліктері. Жылқыда бұлшық еттің сіңірі жіліншік сүйегі
аумағында бақайдың үзын жазғыш бұлшық етінің сіңірімен бірігіп кетеді.
Күйіс қайтаратын жануарларда ол IV бақайдың топай сүйегінде
аяқталады.
Шошқада бұлшық еттің екі басы болады. Олардың сіңірлі үштары IV
жəне V бақайда аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: