249
орналасады. Сезімтал түктер жануарлардың тұмсық, иек аймақтарында жəне
көздің айналасында жекеленіп орналасады.
Түк тығыз да, иілгіш жəне серпімді мүше. Ол мүйізделген
эпидермоциттерден құралған. Түктің тері бетіндегі көрінетін бөлігін түк
сабағы (scapus рій), тері ішіндегі бөлігін түк түбірі (radix pili) — деп атайды.
Түк түбірінің терідегі пияз түбіріне ұқсас жуандап аяқталатын бөлігін түк
баданасы (bulbus pili) — дейді. Түк баданасы түктің өсетін бөлігі. Бұл жерде
түкті құрайтын эпидермоциттер бөліну арқылы көбейіп, мүйізделіп түктерді
құрап, олардың өсу процесін қамтамасыз етеді. Түк баданасының төменгі
жағында, оның ішіне үңгілей еніп, керекті қоректі заттармен қамтамасыз
ететін түк емізікшесі (papilla pili) болады. Ол қан, лимфа тамырлары мен
жүйке ұштарына бай борпылдақ дəнекер ұлпасынан тұрады.
Tepi түгі бір-бірінен анық ажырайтын үш қабаттан: кутикула, қыртысты
қабат жəне түк өзегінен тұрады. Сыртынан түк жұқа кутикула қабатымен
қапталған. Кутикула мүйізделген тым жұқа қабыршактардан тұрады.
Жануарлар тері түктерінің əр түрлі пішінде болуы осы кутикулаға
байланысты. Кутикула тері түктерін химиялық жəне механикалық
əсерлерлен, ылғалдан, жарықтан жəне т.б. зияңды фактолардан қорғайды.
Тері түгінің негізін ортаңғы
қыртысты қабат құрайды. Ол кутикуланың
астында орналасады. Tepi түгінің беріктігі, иілгіштігі, серпімділігі,
созылғыштығы осы қыртысты қабатқа тікелей байланысты. Мысалы, бұл
қабат түлен мен құндызда жақсы, ал қоян мен бұғыда нашар жетілген. Міне,
осыған байланысты аталған жануарлар терілеріндегі түктердің беріктігі əр
түрлі болып келеді. Қыртысты қабатты ұзынша келген мүйізделген
эпидермис жасушалары түзеді. Бұл қабаттағы эпидермоциттерде түктің түрі-
түсін анықтайтын бояғыш пигмент
меланин болады. Үшінші ең ішкі қабат
түктің орталығында жатқан
түк өзегі. Бұл қабатты текше немесе
көпбұрышты жартылай мүйізделген эпидермоциттер құрайды. Өзектің
орталығындағы эпидермоциттер цитоплазмасында жұмсақ мүйізді зат
Достарыңызбен бөлісу: