К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет286/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

ландық немесе ювенальді түлеу" — дейді. Бұған мысал ретінде
құлынның жабағысын тастап түлеуін келтіруге болады. 


Түктің дамуы. Тері тұгі эпидермистен дамиды. Бастапқы кезде тері
түктері дамитын тұстарда эпидермисте эпидермоциттер белсенді түрде 
бөлініп көбейе бастайды. Эпидермис қалындап, астындағы мезенхимаға
төмен қарай бойлай өсе бастайды. Эпидермис өсінділерінің ұштары жуандап, 
түк баданасына айналады. Мезенхимадан бадана ішіне түк емізікшесі еніп,
ұздіксіз көбею сатысындағы эпителиоциттерді қоректік затпен қамтамасыз 
етеді. Түк баданасы эпителиоциттерінен түк сабағы түзіліп, эпидермис
өсіндісінің орталығы арқылы терінің сыртқы бетіне тесіп өтеді де түк 
фолликулының өзегін жасайды. Осы кезде эпидермис өсіндісінің орта
тұсынан май бездері жетіліп, олардың өзектері түк фолликулы өзегімен 
жалғасады. Эпидермис өсіндісінің эпителиоциттер қабаты өз кезегінде
сыртқы жəне ішкі түбір қынаптарына ажырайды. Түк түбірінің сыртындағы 
мезенхимадан түп қапшығы жəне онымен байланысқан түк көтергіш ет
будасы дамып жетіледі. 
ТЕРІ БЕЗДЕРІ (glandulae cutis) 

Үй жануарларының тері бездеріне май, тер жəне сүт бездері жатады. 




Май бездері (glandulae sebaceae) терінің емізікше қабатында
орналасады. Ол құрылысы қарапайым көпіршікше (альвеолалы) бездерге 
жатады. Бездің секрет бөлетін соңғы бөлімін көпқабатты безді эпителий
құрайды. Без өзегі түк қынабы қуысына ашылады. Май бездері қоршаған 
борпылдақ дəнекер ұлпасынан негіздік жарғақ арқылы бөлінген. Безді
жасушалар — гландулоциттерге сөл бөлу үшін қажетті заттар борпылдақ 

251
дəнекер ұлпасындағы қан тамырларымен келеді. Бездің шеткі жағында 


бөліну арқылы көбейіп жатқан жас жасушалар орналасады. Без ортасындағы


ірі гландулоциттерде жасуша ядросы болмайды. Олардың цитоплазмалары 
қоймалжың майлы секретке толып, үлкейіп жарылады (голокринді бөліну)
да, майлы секретке айналады. Май безінің секреті тері майы (sebum) — 
эпидермис пен тері түктерін майлайды. Май бездері емшектің терісінде,
жануарлар қаңсарының терілерінде, майтабанда, тұяқпен мүйізде болмайды. 


Тер бездері (glandulae sudoriferae) құрылысы қарапайым түтікше
бездерге жатады. Бездің қабырғасын бірқабатты текше (куб) тəрізді безді 
эпителий құрайды. Секрет бөлу кезінде гландулоциттер не жартылай
бұзылып, олардың сөлге толған апикальды (қуысы жағындағы бос ұшы) ұшы 
үзіліп, тер тамшысына айналады (апокринді бөліну), не олардың бүтіндігі
бұзылмай, тер тамшылары сүзіліп шығады (мерокринді бөліну). Безді 
сыртынан бір қабатта орналасқан пішіні себетке ұқсас миоэпителий
жасушалары қаптап жатады. Без көпіршігінің (альвеоласының) қуысы терге 
толған кезде, миоэпителиоциттер рефлекторлы түрде жиырылып сығыл,
жиналған тердің тер безінің өзегі арқылы сыртқа шығуын қамтамасыз етеді. 
Терді бөлуге керекті заттар без сыртындағы борпылдақ дəнекер ұлпасындағы
қан тамырлары арқылы жеткізіледі. Түкті теріде бездің шығару өзегі түк 
қынабына, ал түксіз теріде ол тікелей терінің сыртқы бетіне ашылады. Тер
безінің секреті тер арқылы денеден артық су, тұздар, дəрі-дəрмектер, 
белоктық алмасудың ыдырау өнімдері несепнəр (мочевина), несеп
қышқылдары т.б. организмге керексіз заттар шығарылады. Сонымен қатар, 
ол тері түктері мен эпидермисті сулап ылғалдандырып, оларды кеуіп қалудан
сақтайды. Тер бездері дене қызуын реттеуге де қатысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет