248
ұлпалық дермадан тұрады. Қосмекенділер личинкасында эпидермис екі қабат
эпидермоциттерден құралған. Дөңгелек ауыздылардан бастап барлық
хордалы жануарлардың тері эпидермисін көпқабатты жалпақ эпителий
құрайды. Жануарлар денесі құрылысының күрделенуіне сəйкес терінің
құрылысы да күрделеніп, мезодермадан дерма дамиды. Теріде эпидермис пен
тері түктеріне қажет тері бездері дамып жетіле бастайды. Бастапқы кезде,
мысалы, балықтарда тері бездері кілегей бөлуге ғана маманданған бір
жасушалы бездер түрінде дамиды. Кейіннен олар күрделеніп, көп жасушалы
бездерге ауысады. Бүған мысал ретінде қосмекенділер терісіндегі
көпжасушалы көпіршікше бездерді жатқызуға болады. Қоршаған орта
əсерлеріне бейімделу, организмдегі белгілі бір зат алмасу процесін
қамтамасыз етуге мамандану нəтижесінде сүтқоректі жануарларда тер, май,
сүт бездері, күстарда қүйрық бездері дамыды. Жануарлардың əр түрлі
тіршілік ортасына бейімделуіне байланысты, олардың терілерінде жануарлар
түрлеріне тəн тері туындылары дамып жетілді. Мысалы, балықтарда
қабыршақ, жүзу қанаттары; бауырымен жорғалаушыларда қабыршақ,
тырнақ; құстарда қауырсын, тырнақ; сүтқоректілерде тері түктері, майтабан,
тұяқ, тырнақ, мүйіз т. б.
Достарыңызбен бөлісу: