К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет292/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

тарау. ІШКІ МҮШЕЛЕР ЖҮЙЕЛЕРІ 



Ішкі мүшелер жүйелері құрылысын зерттейтін ілімді splanchnology 
(лат. viscera; грек, splanchnos — ішкі мүшелер; logos — ілім) — деп 
атайды. Ішкі мүшелер жүйелеріне азық қорыту, тыныс алу, зəр бөлу жəне
көбею (аталық жəне аналык) мүшелері жатады. Бұлар негізінен дененің 
көкірек, құрсақ жəне жамбас қуыстарында орналасып, қоршаған сыртқы
ортамен денедегі табиғи тесіктер арқылы қатысады. Ішкі мүшелер жануарлар 
организмі мен қоршаған сыртқы орта арасындағы зат алмасу жəне көбею
процестерін іс жүзіне асырады. Азық қорыту аппараты (apparatus 
digestorius) организмді қоректік заттар жəне сумен, тыныс алу аппараты
(apparatus respiratorius) оттегімен қамтамасыз етеді. Зат алмасу нəтижесінде 
қалдық жəне пайда болған ыдырау өнімдері: азық қалдығы, азық қорыту,
көмірқышқыл газ, тыныс алу, белоктық жəне азоттық алмасу өнімдері, 
артықсу, керексіз тұздар, дəрі-дəрмектер, ұлы заттар зəр бөлу мүшелері
(organa uropoe-tica) арқылы сыртқа шығарылады. Аталық жəне аналық 


көбею мұшелері (organa genitalia masculina et feminina) жануарлар түрлері
ұрпақтарының сақталуы мен ұдайы көбеюін қамтамасыз етеді. 


Ішкі мүшелер жүйелері жалпы құрылысы ұқсас екі түрлі: түтікше жəне
паренхималы мүшелерден тұрады. Қуысты түтікше мүшелердің қабырғалары 
үш: ішкі кілегейлі, ортаңғы етті немесе талшықты-шеміршекті (тыныс алу
мүшелерінде) жəне сыртқы сірлі (дене куыстарында жатқан мүшелерде) 
қабықтардан тұрады. Дене куыстардан тыс жатқан мүшелер сыртынан
адвентиция қабығымен (борпылдақ дəнекер ұлпасынан түрады) қапталады. 
130 - сурет. Омыртқалы жануарлар ішкі мүшелсрінің орналасу нобайы А — 

суда жəне Б — құрлықта тіршілік ететін жануарлар 
1 — ауыз-жұтқыншақ, 2 — желбезектер, 3 — өңеш, 4 — торсылдақ, 5 — қарын, 6 — 
ұйқы безі, 7 — ортаңғы ішек, 8 — жұмытқалық, 9 — бүйректер, 10 — тұлғаның біліктік
қаңқасы, 11 — несепағар, 12 — клоака, 13 — қалқанша без, 14 — бауыр, 15 — көкбауыр, 
16 — артқы ішек, 17 — жатыр түгігі, 18 — мұрын қуысы, 19 — жұтқыншақ, 20 — бүйрек
үсті безі, 21 — тік ішек, 22 — несеп жыныстық кіре беріс, 23 — жатыр, 24 — қуық, 25 — 
ауыз куысы, 26 — көмекей, 27 — кеңірдек, 28 — айырша без (тимус), 29 — өкпе, 30 —
бүйен, 31 — тоқ ішек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет