К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


 - сурет. Жылқы басының сагиттальды кесіндісі



бет307/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   607
133 - сурет. Жылқы басының сагиттальды кесіндісі 
1 — тері, 2 — қатты таңдай, 3 — таңдай білеуліктері, 4 — тіл жəне оның бұлшык еті,
5 — мұрын сүйек, 6 — маңдай сүйек, 7 — мұрынның шеміршекті пердесі, 8 — маңдай 
қойнауы, 9 — жұтқыншақ, 10 — есту түтігінің жұтқыншак тесігі, 11 — сынаша сүйек
қойнауы, 12 — ми, 13 — есту түтігінің қалташасы, 14 — сынаша жəне шүйде сүйектерінің 
денесі, 15 - шүйде сүйектің қабыршағы, 16 — жұлын, 17 — өңеш, 19 — желке, 20 —
жогарғы ерін, 21 — жоғарғы күрек тіс, 22 — төменгі курек тіс, 23 — төменгі ерін, 24 — 
хоан тесігі, 25 — жүмсақтандай, 26 — бөбешік (тілшік), 27 — көмекей, 28 — кеңірдек, 29
— кеңірдектің сакина шеміршектері. 
Ерекшеліктері. Жылқының еріндері қалың, ұзын жəне қозғалмалы
келеді. Төменгі ерін жақсы жетіліп, иекпен (mentum) жалғасады. Еріннің езуі 
азу тістің алдыңғы жағында болады. Сиыр еріндері де қалың, бірақ қысқалау
келеді жəне нашар қозғалады. Жоғарғы еріннен мұрын тесігіне дейінгі 
аумақта түксіз пигменттелген терімен қапталған қаңсар (planum naso-labiale)
созылып жатады. Қаңсарда сір сүйығын бөлетін сірлі бездер орналасады. 
Əдетте, сұйықтың булануы нəтижесінде қаңсардың сыртқы беті тұрақты
ылғалды да, салқын болып тұрады. Ерін езуі азу тістерінің алдында болады. 


Қой мен ешкінің еріндері ұзын жəне қозғалмалы келеді. Жоғарғы ерінді су
ағар сайы (philtrum) бөліп тұрады. Шошқаның жоғарғы ерні түксіз талпақ 
танаумен (planum rostrale) жалғасқан. Төменгі ерін үшкілдеу болып келеді.
Ерін езулері 3-4 азу тістердің тұсына дейін созылады. Иттің еріндері жұқа 
жəне нашар қозғалады. Ауыз саңылауы ұзынынан созылып, оның езулері 3-4
азу тістерінің қатарына дейін жетеді. Жоғарғы ерін ортасынан су ағар 
сайымен екіге бөлініп тұрады. Төменгі ерін көлемі жағынан жоғарғы ерінге
қарағанда сəл көлемділеу келеді. 


Ұрт (щеки) — bucca — құрылысы ерінге ұқсас терілі-етті мүше. Ол
сыртынан терімен, ал ішкі беті ауыз қуысының кілегейлі қабығымен 
қапталған. Ұрттың негізін ұрт бұлшық еті түзеді. Ұрт ауыз куысының екі
бүйір қабырғаларын құрайды. Ұрттың ұзындығы ауыз саңылауының 
ұзындығына байланысты. Ауыз саңылауы ұзын болған сайын, ұрттың
ұзындығы қысқа болады. Мысалы, иттің езуі ұзын да, ұрты қысқа. Бұған, 
керісінше, шөппен қоректенетін жануарлардың ұрты ұзын, ал ауыз саңылауы
қысқа келеді. Ұрттың ішкі кілегейлі қабығы бетінде, жоғарғы азу тістердің 

269
тұсында шықшыт (құлақ түбі) сілекей безі өзегінің бүртігі (papilla parotidea) 


ашылады. Ұрттың кілегейлі қабығында ұрт сілекей бездері (glandulae


buccales) орналасады. Əсіресе, олар шөппен қоректенетін жануарларда жақсы 
дамыған. Ұрт бездері дорсальды жəне вентральды болып екі топқа бөлінеді.
Олар жоғарғы жəне төменгі тіс доғалары деңгейлерінде, езу мен ұлкен 
шайнау бұлшық еті аралығында орын тебеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет