К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет306/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Азық қорыту аппараты (пищеварительный аппарат) — apparatus
digestorius — азықты қабылдау, оны механникалық өңдеуден өткізу (ұсақтау, 
жібіту, араластыру), мүшелерден мүшелерге жылжыту, биологиялық
(микроорганизмдердің 
көмегімен
бактериялар, 
қарапайымдар,
саңырауқұлақтар) жəне химиялық өңдеулерден өткізіп, қорытылған қоректік 
заттарды сіңіру, азыққалдыған сыртқа шығару сияқты қызметтерді атқаратын
ішкі мүшелерден тұрады. Азық қорыту аппараты сыртқы ортамен жануарлар 
денесіндегі екі табиғи дене тесіктері (кіреберіс тесік — ауыз саңылауы,
шығаберіс тесік — аналь тесігі) арқылы қатысады. Ол негізінен жүйелі түрде 
кезектесе орналасқан түтікше мүшелерден жəне олармен өзектер арқылы
байланысқан ірі ас қорыту бездерінен құралған. Азық қорыту аппаратын 
фило-онтогенездік тұрғыдан төрт бөлімге бөледі. Олар: бас, алдыңғы,
ортаңғы жəне артқы бөлімдер. 
1. Бас бөлімге ауыз қуысының мүшелері мен жұтқыншақ жатады. Олар
бірігіп, ауызжұтқыншақты құрайды. 
2. Алдыңғы бөлім оңеш пен қарыннан тұрады.
3. Ортаңғы бөлімге ащы ішек (он екі елі, аш, мықын ішектер) пен ірі ас 
қорыту бездері (бауыр, ұйқы безі) жатады.
4. Артқы бөлім жуан ішектен (бүйен, тоқ, тік ішектер) тұрады. 


АУЫЗ ҚУЫСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚұРЫЛЫСЫ 

Ауыз куысы (ротовая полость) — cavum oris — жұтқыншақпен
жалғасып, бас бөлімді кұрайды. Оның кіреберіс тесігі — ауыз саңылауы (rima 
oris), ал ауыздан жұтқыншаққа шығаберіс тесігі — есік (isthmus faucium) деп
аталады. Ол тіл түбірі мен жұмсақ тандай арасында болады. Ауыз қуысы екі 
бөлімнен: ауыздың кіреберіс бөлімінен (vestibulum oris) жəне өзіндік ауыз
куысынан (cavum oris proprium) тұрады. Ауыздың кіреберіс бөлімінің сыртқы 
қабырғасын еріндер мен ұрт, ішкі қабырғасын қызыл иек пен тістер кұрайды.
Ал өзіндік ауыз куысы қызыл иек пен тістен жұтқыншаққа дейінгі кеңістік. 
Ауыз қуысы мүшелерінің ішкі бетін тері типтес кілегейлі қабық қаптап
жатады. Ол екі қабаттан: ішкі көпқабатты жалпақ эпителийден жəне оның 
астындағы өзіндік тақташадан (борпылдақ дəнекер ұлпасы) тұрады. Ауыз


268
қуысының мүшелері: жоғарғы жəне төменгі ерін, ұрт, тіс, қызыл иек, қатты 


жəне жұмсақ тандай, тіл, сілекей бездері.



Ерін (губы) — labia — ауыз саңылауын шектейтін терілі-етті мүше. Ол
үш қабықтан: ішкі кілегейлі, ортаңғы етті (ауыздын дөңгелек бұлшық еті) 
қабықтардан жəне сыртқы теріден тұрады. Кілегейлі қабык екі қабаттан: ішкі
көпқабатты жалпақ эпителийден жəне оның астындағы өзіндік тақташадан 
тұрады. Жоғарғы жəне төменгі ерін (labium superius et inferius) кілегейлі
қабықтарында еріннің майда қабырғалық сілекей бездері (glandulae labiates) 
орналасады. Олардың өзектері ауыз куысына ашылады. Жоғарғы жəне
төменгі еріннің ауыздың екі бүйіріндегі түйіскен бұрышын езу (angulus oris) - 
деп атайды. Ерін терісінде жекеленген сезім түктері (pili tactilis) орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет