К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


қалташа (recessus cranio-ventralis) — деп атайды. Екі бүйіріндегі алдыңғы



бет335/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

қалташа (recessus cranio-ventralis) — деп атайды. Екі бүйіріндегі алдыңғы
жəне артқы сыртқы сайлар (sulcus ruminis cranialis et caudalis) мен оларға 
сəйкес: алдыңғы жəне артқы ішкі қатпарлар (pila ruminis cranialis et
caudalis) мес қарынды дорсальды жəне вентральды қапшықтарға (saccus 
ruminis dorsalis et ventralis) бөледі.
Мес қарынның гистологиялық құрылысы. Мес қарын түтікше мүше
ретінде, оның қабырғасында: кілегейлі, етті жəне сірлі қабықтар 
ажыратылады. Мес қарынның ішкі кілегейлі қабығы үш: эпителий, өзіндік
тақташа жəне кілегейліасты негіз қабаттарынан тұрады. Кілегейлі қабыктың 
етті қабаты толық жетілмеген, ол тек жекеленген бірыңғай салалы ет
миоциттерінен құралған. Кілегейлі қабытың ішкі беті көпқабатты жалпақ 
эпителиймен астарланған. Оның ішкі бетінде ұзындығы 10 мм мес қарын
бүрлері (papilla ruminis) болады. 
Мес қарынның ортаңғы етті қабығын ішкі сақинаша жəне сыртқы
ұзынша бірыңғай салалы ет ұлпасының қабаттары құрайды. 
Мес қарынның сыртқы қабығы — сірлі қабық.
Күйіс қайтаратын жануарларда мес қарын құрсақ куысының сол
жағын толық алып жатып, көптеген ішкі мүшелерді құрсақ куысының оң 
жағына ығыстырып орналасады. Мес қарынның екі бүйіріндегі ұзын
сайларынан үлкен шарбы басталады. Мес қарынның вентральды қапшығы 
шарбы қабында орналасады. Қой мен ешкі мес қарнының вентральды
қапшығы дорсальды қапшығына қарағанда ұзындау келеді. 


Жұмыршақ (сетка) — reticulum — көлемі жағынан сиырда
қатпаршақтан кіші, қой мен ешкіде, керісінше, үлкен болып келеді. Орналасу 
орындарына байланысты алдыңғы көкеттік беті (facies diaphragmaticum),
артқы висцеральды беті (facies visceralis) болады. Өңештен жұмыршақ 

290
қабырғасына жұмыршақ сайы (sulcus reticuli) өтеді. Жұмыршақ сайының оң 


жөне сол ернеулері (labium dextrum et sinistrum) жас төлдерде бір-бірімен


тығыз жанасып тұрып, емген сүттің мес қарынға түспеуін қамтамасыз етеді. 
Жұмыршақ сайы өңештен қатпаршаққа дейінгі аралықта спираль тəрізді
бұралып жатады. Осының нəтижесінде жұмыршақ сайының оң ернеуі 
қатпаршакқа өту алдында, оның сол жағына ауысады.
Жұмыршақ қабырғасының құрылысы мес қарын қабырғасы құрылысына 
ұқсас, үш қабықтан тұрады. Кілегейлі қабық қабаттарының құрылысы мес
қарынның кілегейлі қабығына ұқсас. Көпқабатты жалпақ эпителиймен 
астарланған кілегейлі қабығаның ішкі бетіндегі қозғалмалы қатпарлар, пішіні
көпбұрышты жұмыршақ торламасын түзеді. Жұмыршақтың етті қабығы 
сыртқы көлденең, ішкі ұзынша қабаттардан тұрады. Жұмыршақ сыртынан
сірлі қабықпен қапталған. 
Жұмыршақ көкеттен кейін, мес қарынның алдында, құрсақ куысының
семсерше шеміршек аумағында орналасады Жұмыршақ мес қарынмен мес 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет