К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет337/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

АЩЫ ІШЕК 

Ащы ішек (тонкая кишка) — intestinum tenue — қарын мен бүйеннің
аралығында орналасқан азық қорыту аппаратының ортаңғы бөлімі. Ащы 
ішекте қарында жартылай қорытылған жын құрамындағы қоректік заттар
(белоктар, майлар, көмірсулар) қабырғалық жалпы ішектік бездің, ұйқы 
безінің сөлдері құрамындағы ферменттердің əсерінен жəне бауырдан келген
өттің қатысуымен өздерінің қарапайым мономерлеріне ыдырап, химиялық 
өңдеуден өтіп қорытылып, қорытылған қоректік заттар ащы ішек
бүрлеріндегі эпителий қабаты арқылы сорылып, қанға жəне лимфаға 
сіңіріледі. Сондықтан, ащы ішектің қабырғасы қан жəне лимфа
тамырларымен жеткілікті дəрежеде қамтамасыз етілген. Ащы ішектің ішкі 
бетіндегі көптеген қатпарлар мен ащы ішек бүрлері ішектің ішкі беті
ауданының көлемін арттырады. 

292
Қабылданатын азықтың түрлеріне (жануар текті, өсімдік текті, аралас) 


байланысты үй жануарлары ішектерінің ұзындығы əр түрлі болады. Жануар


текті азықпен қоректенетін жануарлардың ішегі қысқа, ал өсімдік текті 
азықпен азықтанатын жануарлардың ішегі өте ұзын болады. Талғаусыз
жануарлар (мысалы шошқа) ішегінің ұзындығы орташа болып келеді. 
Ащы ішек өз кезегінде: он екі елі ішек, аш ішек жəне мықын ішектен
құралады. Азық қорыту аппаратының ортаңғы бөліміне аталмыш ішектерден 
басқа, өзектері он екі елі ішекке ашылатын ірі ас қорыту бездері бауыр мен
ұйқы безі жатады. 


Он екі елі ішек (двенадцатиперстная кишка)— intestinum duodenum —
жануарлардың түрлеріне байланысты ұзындығы 40 см -120 см дейінгі, қысқа 
шажырқайға ілінген ащы ішектің қарыннан басталар бөлігі. Ол қарынның
қақпақша бөлігінен басталған бойда, S əрпі тəрізді иілім жасай бауырға 
бағытталып, одан əрі артқа қарай оң бүйрекке жетеді де, солға жəне алға
қарай бұрылып, шекарасыз аш ішекке өтеді. S əрпі тəрізді иілім аумағында 
он екі елі ішек куысына бауыр мен ұйқы безі өзектері (сиыр мен шошқада
бөлек, ал жылқы, ұсақ мал мен итте бірге) ашылады. Он екі елі ішектің 
кілегейліасты негізінде, өзектері ішек куысына ашылатын арнайы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет