К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет357/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   607
    Бұл бет үшін навигация:
  • Мұрын
Өкпенің дамуы. Өкпе балықтардың қарапайым жұп торсылдағының
күрделеніп өзгеруі нəтижесінде дамиды. Жануарлардың атмосфералық 
ауамен тыныс алуына байланысты, торсылдақ туындылары негізгі газ алмасу
мүшесі өкпеге айналады. Өкпенің дамуы негізінен бір бағытта жүреді. Ол 
өкпенің ауамен жанасатын тыныс алу беті ауданының ұлғаюы нəтижесінде
жүзеге асады. Бауырымен жорғалаушылардан бастап, жануарлардың тыныс 
алу процесінде терінің үлесі кеміп, керісінше, өкпенің маңызы арта бастайды.
Бұның өзі өкпеде көптеген жұқа қабырғалы көпіршіктердің (альвеолалардың) 

308
альвеолалар қапшықтарының, негізгі жəне жанама бронхтар тарамдарының 


пайда болуына өсерін тигізеді. Өкпе құрылысының күрделенуі өз кезегінде


кіші қан айналым шеңбері мен жүрек құрылымдарының күрделенуіне ықпыл 
етеді.

Онтогенезде тыныс алу мүшелері көмекей, кеңірдек жəне өкпе алдыңғы
ішектің вентральды қабырғасынан пайда болған тыныс алу түтігінен дамиды. 
Кеңірдекке айналған тыныс алу түтігінің каудальды бөлігінен томпайып
шыққан жұп өсінді оң жəне сол жаққа ажырап, негізгі бронхтарды түзеді. Өз 
кезегінде олар көптеген бронхтар тарамдарына таралып, соңында
көпіршіктер 
(альвеолалар)
тарамдарымен 
аяқталады.
Бронхтар 
мен
альвеолалар дəнекер ұлпалықнегіз арқылы өзара бірігіп, өкпені түзеді. Даму 

барысында өкпе көкірек қуысына еніп, оның сірлі қабығы плеврамен


қапталады. 
Эмбриондық кезеңде мұрынның кіреберісі эктодермадан, қалған
мүшелердің эпителий қабаттары мен қабырғалық бездері энтодермадан, сірлі 
қабықтары мезодерма спланхнотомынан, тыныс алу мүшелерінің стромасы
мезенхимадан дамиды. 


Мұрын (нос) — nasus — жəне мұрын қуысы (носовая полость) -
cavum nasi — тыныс жолдарының басталар бөлігі. Мұрын куысында ауа 
жылынады, дымқылданады, құрамындағы шаңтозаңнан тазаланады жəне иіс
сезімі мүшесінің қатысуымен ауа құрамындағы заттардың иістері 
анықталады. Кейбір жануарларда мұрын дыбыс шығаруға да қатысады.
Мұрын ішкі жағынан мұрын пердесі (septum nasi) арқылы екі мұрын 


қуысына (cavum nasi) бөлінеді. Мұрын қуыстарының кіреберіс жəне
шығаберіс тесіктері болады. Кіреберіс тесіктерін мұрын тесіктері (nares), ал 
мұрын қуыстарынан жұтқыншаққа шығатын шығаберіс тесіктерін хоана
(сһоапа) тесіктері - деп атайды. Мұрын қуысы тиісті тесіктер арқылы 
мұрынның маңында орналасқан мұрын қойнауларымен қатысады.
Мұрынның мұрын ұшынан маңдайға дейін созылып жатқан жоғарғы 
беті мұрын арқалығы (dorsum nasi), ал мұрын арқалығының мандайға
жанаса бітетін жерін мұрын түбірі (radix nasi) — дейді. Жоғарғы еріннің 
үстіңгі жағындағы мұрын ұшының (apex nasi) пішіні барлық жануарларда
бірдей емес. Мұрынның сүйекті негізін бассүйектің бет бөлімінің сүйектері 
құрайды. Оның сүйектік негізінің екі бүйірін жоғарғы жақ жəне тұмсық
сүйектері; артқы қабырғасын торлы сүйек; алдыңғы мұрын ұшын тұмсық 
сүйек пен мұрын шеміршектері; мұрын түбін тұмсық, жоғарғы жақ жəне
тандай сүйектері; мұрын арқалығын мұрын сүйек құрайды. Ал мұрын 
пердесінің негізі перделік шеміршектен (cartilago septi nasi) тұрады.
Мұрын ұшында орналасқан мұрын қуысы кіреберіс тесігінің бүйір 
қабырғасы (танау) мұрын қанатымен (ala nasi) шектелген. Мұрын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет