К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет359/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   607
1. Дорсальды мұрын жолы (meatus nasi dorsalis) көлемі жағынан
жіңішке келген өтіс. Ол мұрын куысының төбесі мен дорсальды кеуілжірдің 
арасында жатқан жіңішке жол. Дорсальды мұрын жолымен ауа торлы сүйек
шытырманы бетінде орналасқан иіс сезімі мүшесіне өтеді. Сондықтан, бұл 
жолды иіс сезімі жолы — деп атайды.

2. Ортаңғы мұрын жолы (meatus nasi medius) дорсальды жəне
вентральды кеуілжірлер аралығында болады. Ортаңғы мұрын жолымен ауа 
мұрын маңындағы қойнауларға арнайы тесіктер арқылы өтеді.

3. Вентральды мұрын жолы (meatus nasi ventralis) вентральды кеуілжір
мен мұрын қуысының түбі аралығында жатады. Вентральды мұрын жолымен 
ауа хоана тесіктері арқылы аңқаға өтеді.

4. Жалпы мұрын жолы (meatus nasi) мұрын пердесі мен кеуілжірлердің
жəне иіс сезімі шытырмандарының медиальды беті аралығында орналасады. 
Жалпы мұрын жолы алдыңғы үш өтісті жалғастырып, артқа қарай аңқа
жолына (nasopharynx) айналады да, хоаналар арқылы ауаны аңқаға өткізеді. 
Мұрын қуысының кілегейлі қабығы дорсальды кеуілжірдің алдыңғы
жағында түзу қатпар (plica recta), ал вентральды кеуілжір алдында негізгі 


қатпарды (plica basalis) жəне танау қатпарларын (plica alares) түзеді.


310
Мұрын кіреберісі мен өзіндік мұрын қуысы шекарасындағы қатпарда 




мұрын-көзжасы тесігі (osnium nasolacrimalis) көрінеді. Бұл тесікке мұрын
куысын көзжасы қапшығымен байланыстыратын мұрын-көзжасы өзегі 
(ductus nasolacrimalis) ашылады.
Көзжасы мен мұрын қуысы кілегейлі қабығындағы бездер бөлінділері 
ауаны дымқылдандырып тұрады. Сонымен қатар, кілегейлі қабық астында
көптеген қан тамырларынан түзілген веналық өрім (plexus venosus nasi) 
болады. Ол ауаның жылынуын қамтамасыз етеді. Вентральды мұрын
жолының алдыңғы жағандағы күректіс өзегі (ductus incisivus) арқылы мұрын 
куысы ауыз қуысымен қатысады. Бұл өзекке жануарларда иіс сезімі қызметін
атқаратын мұрын-соқалық мүше өзегі (ductus organon vomeronasal) 
ашылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет