К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет382/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Бүйректің түрлері. Бүйректерді жіктеудің негізі етіп, бүйректің
бастапқы кұрылымдық бірлігі — бүйрекшелер алынған. Бүйрекшелерде де,
бүйрекке тəн үш аймақпен пирамидалар емізікшелері жəне оларға жанаса 
жалғасып жатқан бүйрек тостағаншалары болады. Бүйректің бүйрекшелері
бір-бірімен өзара зəр шығару өзектері жəне дəнекер ұлпасы арқылы əр түрлі 
дəрежеде байланысың бірігіп, бүйрек түрлерін түзеді. Жануарларда сыртқы
жəне ішкі морфологиялық құрылысына байланысты бүйректің көптеген 
түрлері ажыратылады. Олардың құрылысын салыстырып сараптай келе,
бүйректің жануарларда жиі кездесетін негізгі төрт түрінің құрылысымен 

327
төменде 


танысамыз.


Оларға:

көптік,
тілімді

көпемізікшелі,
тегіс

көпемізікшелі жəне тегіс біремізікшелі бүйректер жатады.



1. Көптік бүйрек бір-бірімен зəр шығару өзектері — бүйрек
сабақшалары 
арқылы
байланысып 
жатқан
көптеген 
майда
жеке

бүйрекшелерден тұрады. Əр бір бүйрекше сыртынан дəнекер ұлпалық


қапшықпен 
қапталған.
Бүйрекшенің 
кесіндісінде
бір-бірінен 
анық
ажырайтын үш аймақты байқауға болады. Қапшықтың астындағы қыртысты 

аймақ зəр бөлу аймағы. Бұл аймақты бүйрек түтікшелері нефрондардың


денешіктері мен проксимальды жəне дистальды бөлімдерінің ирек 
түтікшелері құрайды. Олардың аралықтарында қан жəне лимфа тамырларына
бай, тым жұқа борпылдақ дəнекер ұлпалық аралықтар (строма) орналасады. 
Бүйрекшелердің
орталығында 
нефрондардың
түзу

тұтікшелерінен


(проксимальды жəне дистальды бөлімдердің түзу түтікшелері, жіңішке 
бөлімдер мен жинағыш түтікшелер) құралған, бөлінген зəрді өткізетін
бозғылт аймақ орналасады. Стромасы борпылдақ дəнекер ұлпасынан тұрады. 
Қыртысты жəне бозғылт аймақтар аралығында ірі қан тамырлары (доғалық
артериялар мен веналар) өтетін шекаралық аймақ болады. Бүйрекшелер 
сабақшалары бір-бірімен қосылып, несеп жолдарын, бұлар өз кезегінде бір-
бірімен қосылап, несепағарды түзеді. Бүйректің бұндай түрі теңіз 
сүтқоректілерінде (китте, түленде, дельфинде, ақ аюда, моржда т.б.) болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет