Ен қосымшасы өзегі қабырғасының гистологиялық кұрылысы. Ен
қосымшасы өзегінің қабырғасы да екі қабаттан тұрады. Оның ішкі бетін
бірқабатты екіқатарлы эпителий астарлайды. Эпителий қабаты екі түрлі
эпителиоциттерден тұрады. Призма тəрізді секреторлы эпителиоциттердің
сопақ келген ядролары негіздік жарғақтан жоғарырақ бір қатарда
орналасады. Олар сел бөледі. Екінші аласа келген текше тəрізді
эпителиоциттердің дөңгелек ядролары негіздік жарғақкд жақын бір қатарда
жатады. Бұлар камбиальды қызмет атқаарады. Сыртқы дəнекер ұлпалық-етті
қабатын құрамында бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттері бар дəнекер
ұлпалық қабықша құрайды.
Несеп-жыныс өзегі шəует жолы мен несепшығар өзегінің қосылуынан
пайда болады.
Жыныстық қатынас мүшесі (айғырда — қаса, күйісті жануарларда —
қамшы, төбетте — шүкі) несеп-жыныс өзегінен жəне оны сыртынан қаптаған
кеуекті денеден тұрады.
Енқап (семенниковый мешок) — saccus testicularis — құрсақ қабырғасы
қабаттарынан дамып жетілген, пішіні дорба тəрізді куысты мүше. Енқаптың
қуысы құрсақ қуысымен шап өзегіндегі қынаптық өзек арқылы жалғасады.
Оның куысында ен жəне ен қосымшасы орналасады. Енқаптың қабырғасы
ұмадан, еннің сыртқы көтергіш бұлшық етінен жəне жалпы қынаптық
қабықған тұрады. Ұма(scrotum) екі қабаттан: сыртқы теріден (cutis scroti)
жəне ішкі етті-серпімді қабаттан (tunica dartos) құралған. Етті-серпімді
қабат беткей шандыр мен бірыңғай салалы ет ұлпасынан түзілген. Етті-
серпімді қабық ұма куысын, ұма пердесі (septum scroti) арқылы екіге бөледі.
Əрбір қуыста жалпы қынаптық қабықпен жəне сыртқы ен көтергіш бұлшық
етпен (m. cremaster externus) қапталған ен орналасады.
Еннің сыртқы котергіш бұлшық еті (m. cremaster externus) құрсақтың
ішкі қиғаш бұлшық етінің енқаптағы жалғасы. Жалпы қынаптық қабық (tunica vaginalis communis) екі: сыртқы талшықты немесе фиброзды