К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


ампуласы (ampulla ductus ejaculatorius) — деп атайды. Шəуетжолының



бет404/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   400   401   402   403   404   405   406   407   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

ампуласы (ampulla ductus ejaculatorius) — деп атайды.

Шəуетжолының қабырғасы үш қабықтан: кілегейлі, етті жене сірлі
қабықтардан 
тұрды.
Кілегейлі 
қабығында
екі

қабат
болады.

Ен
қосымшасынан басталған бөлігінің ішкі бетін екіқатарлы кірлікшелі 
эпителий, ал несеп-жыныс өзегіне жақын соңғы бөлігінің ішкі бетін
бірқатарлы призма тəрізді эпителий астарлайды. Сыртқы қабаты борпылдақ 
дəнекер ұлпалық өзіндік тақташадан тұрады. Шөуетжолы несеп-жыныс
өзегіне ашылар алдында кеңейіп, ампула тəрізді без түзеді. Ол 
сперматозоидтар қоректенетін сөл бөледі. Шəуетжолының ортаңғы етті
қабығы бірыңғай салалы ет ұлпасының ішкі сақинаша жəне сыртқы ұзынша 
қабаттарынан тұрады. Етті қабығы жиырылып, ампула безі сөлін шəует жолы
қуысына шығарады. Шəуетжолы сыртынан сірлі қабықпен қапталған. Ол 
ішкі дəнекер ұлпалық қабаттан жəне сыртқы мезотелийден (бірқаббаты
жалпақ эпителий) құралған. 


Енбау (семенной канатик) — funiculus spermaticus — еннің қан, лимфа
тамырлары мен жүйкелерінен құралған, пішіні кесілген конус тəрізді, ен мен 
ен қосымшасын құрсақ қуысымен жалғастырып тұратын құрылым. Ол өз
кезегінде тамырлар жəне шəует-жолы қатпарларынан тұрады. Енбау 
сыртынан өзіндік қынаптық қабықпен (сірлі қабық) қапталып, қынаптық


346
қуыстың жоғарғы бөлігінде орналасады. Қынаптық қуыстан сыртқы жəне 


ішкі қиғаш құрсақ бұлшық еттердің аралығындағы шап өзегінде (canalis іп-


guinalis) жатқан қынаптық өзек (canalis vaginalis) басталады. Қынаптық өзек 
құрсақ куысымен жалғасады.
Несеп-жыныс өзегі (мочеполоаой канал) — uretra masculina — зəр бөлу
жəне көбею мүшелері жүйелерінің ортақ мүшесі болып табылады. Ол екі: 
жамбас жəне жыныстық бөлімдерге бөлінеді. Несепжыныс өзегінің
қабырғасы: ішкі кілегейлі, ортаңғы кеуекті, сыртқы етті қабықтардан тұрады. 
Кілегейлі қабығын көпқабатты жалпақ ауыспалы эпителий астарлайды.
Кеуекті қабықғы бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттері, эластин 
талшықтарымен арқауланған дəнекер ұлпалық перделіктер жəне олардың
аралықтарында орналасқан, үңгір қуысты вена қан тамырларының торы 
құрайды. Кеуекті қабықтың үңгір қуысты вена қан тамырлары торының ішкі
беті эндотелиоциттермен астарланған. Аталған тамырлардың үңгірқуыстары 
қанға толған кезде кеуекті қабық қаталды да, несеп-жыныс өзегі ашылып,
шəуеттің кедергісіз өтуін қамтамасыз етеді. Етті қабықты көлденең жолақты 
бұлшық ет ұлпасы құрайды.
Несеп-жыныс өзегінің жамбастық бөлімінің қабырғасында қосымша 
жыныс бездері, атап айтқанда, көпіршікше, қуықалды жəне баданалық бездер
орналасады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   400   401   402   403   404   405   406   407   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет