К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


қабаттан (lamina fibrosa) жəне ішкі сірлі қабаттан



бет403/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   607
қабаттан (lamina fibrosa) жəне ішкі сірлі қабаттан (lamina serosa) құралған.
Ұма мен жалпы қынаптық қабық борпылдақ дəнекер ұлпасы арқылы 
байланысып, енқапты түзеді. Енқаптың сірлі қабықпен астарланған куысы —

қынаптық қуыста (cavum vaginalis) сірлі сұйық болады. Қынаптық куыс
құрсақ қуысының енқаптағы жалғасы. 

345



Өзіндік қынаптық қабық (tunica vaginalis proprium) құрсақ қуысы сірлі 
қабығы висцеральды ішпердесінің ұмадағы бөлігі. Ол ен мен ен қосымшасын
тікелей қаптап, жалпы қынаптық қабықтың сірлі қабатына ауысып, ен 


шажырқайын түзеді. Ол шəует жолының артқы жиегін тұтасымен ұма
қабырғасына байланыстырып, шап өзегіне жақындағанда жалпақ қынаптық 
қабықтың сірлі қабатына айналады. Ен шажырқайы өзінің төменгі бөлігімен
ен қосымшасының құйрықтарын өзара жалғастырып тұрған еннің арнайы 
байламын жəне оның жалғасы шап байламын қоршап жатады. Шап байламы
енді жалпы қынаптық қабықпен байланыстырады. 
169 - сурет. Енқаптың құрылысы 
1— ұманың терісі, 2 — ет-серпімді 
қабат, 3 — борпылдақ дəнекер ұлпалық аралык, 4 — еннің сыртқы көтергіш бұлшық
еті, 5 — жаллы қынаптық қабық, 6 — қынаптық қуыс, 7 — өзіндіқ қынаптык қабық, 8 — 
ен, 9 — ен қосымшасы, 10 — снбау.


Шəуетжолы (семяпровод) — ductus deferens — шəуетгі ен қо-
сымшасынан алып шығатын түтікше мүше. Шəуетжолы қынаптық қуыстан,

қынаптық өзек (canalis vaginalis) арқылы енбаудың құрамында жоғары
көтеріліп, құрсақ қуысыңда шөует қатпарының (plica ductus deferentis) 
құрамында енбаудан ажырайды. Ол қуықтың жоғарғы жағымен артқа қарай
бағытталып, куық мойны тұсында көпіршікше без өзегімен қосылып, 


шəуетағар өзегіне(ductus ejacula-torius) айналады. Бұл өзек қуық мойнынан
кейінірек несепшығар өзегімен қосылып, несепжыныс өзегінтүзеді. 
Шəуетағардың қабырғасында көптеген бездер орналасады. Соңдықтан,
шəуетағардың соңғы қалындау бөлігін безді бөлік немесе шəуетағар 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет