К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет409/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   405   406   407   408   409   410   411   412   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Ерекшеліктері. 

Айғырдың
жыныстық 
мүшесінің
(кдсаның) 
үңгірқуысты денесі жақсы жетілген. Сондықтан, қаса өте қомақты келеді.
Қасаның дөңгелек келген жуан басының пішіні тəж тəрізді. Оның вентральды 
бетіне жақын жыныстық мүше басының шұңқыры орналасады. Айғыр
күпегінің құрылысы басқа жануарларға қарағанда күрделі. Себебі, ол сыртқы 
жəне ішкі күпектерден тұрады, яғни ол қос күпекті мүше.

Бұқаның жыныстық мүшесінің (қамшы) пішіні цилиндр тəрізді, ұзын
жəне жіңішке болып келеді. Ұманың артқы жағында, қамшының денесі S 
əрпі тəрізді иілім (flexura sigmoidea penis) түзеді. Оның жіңішкерген мойны
жəне жалпақ келген қалпағы болады. Қалпақтың сол бүйірінде несеп-жыныс 
өзегінің өсіндісі орналасады. Жыныстық мүшенің күпегі жіңішке, ұзын (35-
40 см), оның тесігі кіндіктен 4-5 см кейін ашылады. Күпекті алға жəне артқа 
тартатын краниальды күпек бұлшық еті жəне каудальды күпек бұлшық еті
болады.

170 - сурет. Айғыр қасасының құрылысы А — қаса мен күпектің ұзынынан 

кесіндісі, Б —қасаның басына жақын жерінің көлденең кесіндісі, В — қасаның 

түбіріне жақын жерінің көлденең кесіндісі 
1 — ішкі күпектің париетальды қабаты, 2 — ішкі күпектің висцеральды қабаты, 3 — 
қаса басының шұңқыры, 4 — несеп-жыныс өзегі, 5 — сыртқы күпек, 6 — қаса басының
кеуекті денесі, 7 — қасаның кеуекті денесі, 8 — несеп-жыныс өзегінің кеуекті денесі, 9 — 
шонданай-кеуекті бұлшық ет, 10 — ақ қабық, 11 — қасаның тері жабыны, 12 — қасаны
тартқыш бұлшық ет, 13 — тамырлы сай. 


Қошқар қамшысы бұқа қамшысына ұқсас, бірақ несеп-жыныс өсіндісі
ұзындау келеді жəне S əрпі тəрізді иіліп тұрады. Текеде қамшының несеп-
жыныс өсіндісі қысқалау жəне түзу болып келеді.

Қабан жыныстық мүшесінің құрылысы күйіс қайтаратын малдарға
ұқсас, бірақ, S əрпі тəрізді иілімі ұманың алдыңғы жағында орналасады. 
Оның басы үшкірленіп келіп, шиыршықтала бұралып тұрады. Күпектің
алдыңғы қабырғасында, оның кеңейген қалташасы болады. 


Төбеттің жыныстық мүшесі (түкі) басының негізін сүйек (os penis)
құрайды. Оның вентральды бетінде уретра сайы орналасады. Жыныстық 
мүшенің басы ұзара келіп, оның артқы бөлігінде жыныстық қатынас кезінде
ерекше үлкейетін баданасы болады. Осының арқасында эрекция ұзаққа 
созылады.



350





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   405   406   407   408   409   410   411   412   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет