К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет406/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   607
Ерекшеліктері. Қуықалды без барлық жануарларда кездеседі. Айғырда
қабырғадан 
тыс
жатқан

қуықалды бездің


екі бүйір болігі 
мен
мойыншығының пішіні таға тəріздес болып келеді. Ол уретрада орналасады. 

Шашыранды қуықалды без көлемі жағынан шағын, ол уретраның дорсальды


қабырғасында болады.


Бұқада қабырғадан тыс жатқан қуықалды бездің тек ортаңғы бөлігі ғана
болады. Шашыранды қуықалды безі негізінен несеп-жыныс озегінің 
дорсальды қабырғасында орналасады.

Теке мен қошқарда қабырғадан тыс жатқан қуықалды без болмайды.

Қабанда шашыранды қуықалды без ірі болып, уретраның кілегейлі
қабығын қоршай орналасады. Қабырғадан тыс жатқан қуықалды бездің 
ортаңғы болігі ғана сақталған.

Төбетте шашыранды қуықалды без болмайды. Оның есесіне қабырғадан
тыс жатқан қуықалды без өте ірі. Олар сай арқылы оң жəне сол бөліктерге 
болінген.
Қуықалды бездің гистологиялық құрылысы. Без құрылысы жағынан
қүрделі көпіршікше-түтікше бездерге жатады. Куыкдлды безінің құрылысы, 
олардың орналасу орындарына байланысты. Без сыртынан дəнекер ұлпалық-
етті қапшықпен қапталған. Қапшықтан бездің ішіне қарай дəнекер ұлпалық-
етті перделіктер тарала еніп, без паренхимасын бөлікшелерге бөледі.
Бөлікшелерді қабырғасы бірқабатты (эпителиоциттердің биіктігі əр түрлі 
жануарларда түрліше) безді эпителийден тұратын, секреторлы соңғы
бөлімдер құрайды. Соңғы бөлімдерден шығатын өзекшелер бір-бірімен 
қосылып, несеп-жыныс өзегіне ашылатын куықалды безінің негізгі өзегін
құрайды. Оның қабырғасы көпқабатты ауыспалы эпителийден тұрады. 
Қуықалды безінің секреті шəуетпен бір мезгілде бөлініп, қышқылдық ортаны
бейтараптандырып, сперматозоидтардың қрімыл-қозғалысын арттырады. 


Баданалық без (glandula bulbourethralis) несеп-жыныс өзегінің
(уретраның) жамбастық бөлімінің соңғы бөлігінде орналасқан жұп без. 
Баданалық безді жоғарғы жағынан бадана-кеуекті бұлшық ет (m.
bulbocavernosus) жауып жатады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет