К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет407/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   607
Ерекшеліктері. Айғырда баданалық бездің пішіні сопақша келген,
ұзындағы 4 см, уретра куысына ашылатын 5-8 өзегі болады. 


Бүқада, қошқарда жəне текеде баданалық без онша көлемді емес,
бездің бір шығару өзегі болады. 

348



Қабанда баданалық без өте үлкен, пішіні цилиндр тəріздес, сыртқы беті 
бұдырлы болып келеді. Бездің өзегі несеп-жыныс өзегінің кілегейлі
қабығындағы бітеу қалташага ашылады. 


Төбетте баданалық без болмайды.

Баданалық бездің гистологиялық құрылысы. Баданалық без
құрылысы жағынан күрделі көпіршікше-түтікше бездерге жатады. Бездің 
құрылысы жануарлардың түріне байланысты. Баданалық безді сыртынан
қаптайтын дəнекер ұлпалық қапшықтан без ішіне енетін перделіктер, оның 
паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелердегі секрет бөлетін соңғы
бөлімдердің қабырғаларын бірқабатты призма тəрізді безді эпителий 
құрайды. Бездің шығару өзектерінің қабырғасы бірқабатты текше тəрізді
эпителиймен астарланған. Баданалық бездің секреті жыныстық қатынас 
алдында бөлініп, несеп-жыныс өзегі қуысын зəр қалдықтарынан тазалайды.
Қосымша жыныс бездерінің сөлдері жануарлардың ұрықтануы кезінде 
маңызды рөл атқарады. Олар спермийлермен араласып, шəуетті (сперманы)
түзуге қатысады. Спермийлерді қозғалысқа келтіріп, олар үшін қоректік 
қызмет атқарумен қатар, шəует жүрер алдында несепыныс өзегі куысын зəр
қалдықтарынан тазалайды. Көпіршікше без сөлі ұрғашы жануарлар 
қынабына шəуеттен соң бөлініп, кілегейленіп, қоюланып, шəуетгің
аналықжыныс жолынан кері төгілмеуін қамтамасыз етеді. 


Жыныстық қатынас мүшесі (половой член) —penis — кеуекті дене
мен несеп-жыныс өзегінен құралған. Жыныстық қатынас мүшесінің 


үңгіркуысты денесі (corpus cavernosus penis) екі жыныетық мүше 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет