К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет418/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   414   415   416   417   418   419   420   421   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Ерекшеліктері. Биенің несеп-жыныс кіреберісінде кіреберістік 

вентральды (кіші) бездермен (glandula vestibularis ventralis s. minores) қатар,

латеральды (үлкен) кіреберістік бездер (glandula vestibularis lateralis s.
majores) болады. Кілегейлі қабықтың астында үңгірқуысты денеден тұратын 
жүп үңгірқуысты кіреберістік бадана (bulbus cavernosus vestibuli)
орналасады. 


Сиырда жəне ұсақ малдарда латеральды кіреберістік бездер жақсы
жетілген. Оның өзектерінің ірі тесіктері кілегейлі қабық қатпарларының 
арасына ашылады.

Мегежіннің
несеп-жыныс 
кіреберісінің
бүйір

қабырғасында


үңгірқуысты дене бөлігінің бар екендігі байқалады. Уретра тесігінен кейін, 
кілегейлі қабық екі жұп қатпар түзеді. Вентральды кіреберістік бездердің
өзектері ұзынша қатпарлардың арасына ашылады. 


Қаншық несеп-жыныс кіреберісі кілегейлі қабығының астында
үңгірқуысты денедей түзілген жұп бадана болады. Олар қанға толған кезде 
тым үлкейіп, кіреберіс қуысын тарылтады.
Сыртқы жыныс мүшелеріне (наружные половые органы) немесе
вульвага (pudendum femininum, s. vulva) жыныс ернеулері, жыныс саңылауы 
жəне клитор жатады.

Жыныс ернеулері (половые губы) — labia pudendi — жоғарғы жəне
төменгі жагынан дорсальды жəне вентральды бітістер (commissura labiorum 
dorsale et ventrale) арқылы жалғасады. Оның негізін бірыңғай салалы жəне
көлденең жолақты ет ұлпаларынан тұратын жыныс саңылауының 


юысідыш еті (m. constrictor vulvae) құрайды. Жыныс ернеулері терісінің
медиальды беті көпкдбатты жалпақ эпителиймен астарланган.
Клитор (clitoris) үңгірқуысты денеден құралған. Оның екі аяқшасы,
денесі жəне төбесі болады. Клитордың аяқшалары шонданай төмпегіне 
бекиді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   414   415   416   417   418   419   420   421   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет