К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Эндокринді бездерге тəн морфологиялық белгілер



бет420/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Эндокринді бездерге тəн морфологиялық белгілер: 1) эндокринді
бездер тек инкреттер (гормондар) бөлетін соңгы бөлімдерден тұрады, 2) 
олардың шығару өзектері болмайды, 3) олар гормондарын дененің ішкі
сұйық ортасына бөледі. Сондықтан, ішкі секреция бездері қан жəне лимфа 
тамырларына өте бай келеді, безді бөлімдерінің қабырғалары тамырлар
қабырғалары эндотелийімен тыгыз жанасып жатады. 
Қызметіне байланысты эндокринді бездер: 1) таза ішкі секреция бездері
(гипоталамус, гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқаншамаңы безі, 
бүйрекүсті безі) жəне 2) қосарлы қызмет атқаратын бездер (айырша без —
тимус, ұйқы безі, ен, жұмыртқалық, бүйрек, ұрықжолдас — плацента) болып 
екі топқа бөлінеді. Ал өзара қызметтік байланыстарына байланысты
эндокринді бездерді орталықжəне шеткі екі бөлімге бөледі. Орталық бөлімге: 
гипоталамустың нейросекреторлы ядролары, гипофиз жəне эпифиз, ал шеткі
бөлімге: қалқанша без, қалқаншамаңы безі жəне бүйрекүсті безі жатады. 
Орталық ішкі секреция бездері өздерінің гормондарымен шеткі эндокринді
бездердің қызметтерін реттеуге қатысады. 
Кейбір мүшелерде гормон түзуші жеке жасушалар да кездеседі.
Даму тегіне байланысты эндокринді бездер: эпителиальдық, жүйкелік 
жəне жүйкеглиальдық болып үш топқа бөлінеді.
Эпителиальдық бездерге: аденогипофиз, қалқанша, қалқаншамаңы
бездері, бүйрекүсті безінің қыртысты заты, ұйқы безі аралшықтары, тимус; 


жүйкелік бездерге: бүйрекүсті безінің бозғылт заты, параганглийлер;

жүйкеглиальдық бездерге: нейрогипофиз, эпифиз жатады.


ГИПОТАЛАМУС 
Гипоталамус (hypotalamus) жануарлар организмдеріндегі эндокриндік
қызметті реттейтін эндокринді бездер жүйесінің жогарғы да, негізгі орталық 
мүшесі. Ол ми орталығы ретінде, вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық
жəне парасимпатикалық бөлікрінің жүйкелік жəне эндокриндік реттеулерін 
біріктіріп, нейроэндокринді жүйеге айналдырады. Гипоталамус аралық


360
мидың төмпекасты аумағын, үшінші ми қарыншасының төменгі қабырғасы 


мен түбін құрайды. Гипоталамусты басқа эндокринді бездер қызметтерін


реттеуге қажет нейрогормондар бөлетін көпөсінділі жүйке жасушалары — 
мультиполярлы нейроциттер құрайды. Аталған нейроциттер гипоталамуста
сүр заттық орталықтарды (ядролар) жасайды. Гипоталамустың сүр заттық 
орталықтары алдыңғы, ортаңғы жəне артқы бөлімдерге бөлінеді. Аталған
ядролар нейроциттері биологиялық тұрғыдан тым белсенді жəне жүйке 
жүйесі медиатор ларымен салыстырғанда, алыстан жəне ұзақ уақыт əсер
етуге бейімделген нейрогормондар бөледі. 
Гипоталамустың алдыңғы бөлімі ірі нейросекреторлы мультиполярлы
нейроциттерден құралған жұп супраоптикалық жəне паравентрикулалық 
ядролардан
тұрады.

Нейроциттер


эндоплазмалық 
торында
белокты

(нонапептидтер) нейрогормондар түзіледі. Оларға вазопрессин жəне


окситоцин жатады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет