К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет416/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Ерекшеліктері. Бие жатырының мүйіздері денесіне қарағанда сəл
ұзындау келеді. Олардың алға қарай краниальды бағтта жатқан жұмыр ұшы 
доғалданып аяқталады. Жатыр мүйізінің пішіні жайпақ доға тəрізді сөл иіліп
тұрады. Оның дөңес келген жиегі темен, ал ойыс жиегі жоғары қарай 
бағытталған. Жатыр мойнының қабырғасы қалың, цилиндр пішіндес болып,
қынап қуысына шүмек тəрізді кіріп тұрады. Сыртқы жатыр тесігі кілегейлі 
қабықтың ұзынша қатпарларымен қоршалған. Жатыр 3-4 -інші бел
омыртқаларынан 
4-інші
құйымшақ 
омыртқаларының
аралығындағы 
қабырғаға бекітілген.
Сиыр мен ұсақ малдарда жатыр мүйізі шиыршықтала иіліп, пішіні
қошқар мүйізіне ұқсас келеді. Жатыр денесі ұзын болғанымен, ішкі 
куысының бір бөлігі аралық перде арқылы екіге бөлінген. Жатыр мойнының
қабырғасы қалың, ұзындығы 7-11 см -дей болып оқшауланып тұрады. Жатыр 
мүйізі мен денесінің кілегейлі қабығында, əрбір қатарында 10-14 -тен төрт
қатар орналасқан жатыр сүйелшелері (карункулалары) — (caruncula uteri) 
болады. Карункулаларда іштөлі қабықтарының бүрлері жатыр қабырғасымен


356
байланысатын жатыр кірмелері (cryptae uterinae) орналасады. Ұсақ 


малдардың жатыр карункулаларының бетінде шұңқыр болады.



Мегежін жатырының мүйіздері өте ұзын (140-150 см), пішіні ішек
ілмектеріне ұқсас болады. Жатыр денесі қысқа (5 см), ал мойны одан үш 
еседей ұзын келеді. Бұдырлы қатпарлармен жабдықталған жатыр мойнының
кілегейлі қабығы ешқандай шекарасыз қынапқа ауысады. 


Қаншық жатырының мүйізі жіңішке, ұзын жəне екіге айырылған.
Жатыр денесі одан 4-5 есе қысқа болады. Жатыр мойнының кілегейлі қабығы 
ұзынынан жəне көлденеңінен орналасқан қатпарлар түзеді.

Қанап (влагалище) — vagina — жыныстық қатынасты жəне төлдің туу
процесін қамтамасыз ететін, жатыр мен несеп-жыныс кіреберісі аралығында 
орналасқан тақ түтікше мүше. Ол жамбас куысында жатырдан кейін
орналасып, ешқандай шекарасыз несеп-жыныстық кіреберіске өтеді. 
Олардың шекарасын уретраның сыртыны тесігі белгілеп тұрады.
Қынаптың қабырғасы кілегейлі, етті қабықтардан жəне сыртқы 
адвентициядан тұрады. Оның қатпарлы безсіз кілегейлі қабығы көпқабатты
жалпақ эпителиймен астарланған. Ортаңғы етті қабық ішкі сақинаша жəне 
сыртқы ұзынша қабаттардан құралған. Қынаптың сыртқы краниальды бөлігін
ғана сірлі қабық, ал қалған негізгі бөлігін адвентиция қабығы қаптап жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет