К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет439/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   435   436   437   438   439   440   441   442   ...   607
Венулалар (көктамыршалар) — venula — капиллярларды вена
тамырларымен жалғастыратын микроайналым арнасының майда қан 
тамырлары. Олардың құрылысы артериолаларға ұқсас. Бірақ, арналары
кеңдеу

келеді.
Венулалар 


посткапиллярлық,
жинағыш

жəне
етті

көктамыршалар болып үш түрге бөлінеді.

Посткапиллярлық венулалар қабырғаларының құрылысы венулалық
капиллярларға ұқсас. Олардың ішкі қабаты эндотелийден, ортаңғы қабаты 


377
перициттерден, сыртқы қабаты талшыкты дəнекер ұлпасынан тұрады. 


Посткапиллярлық венулалар арналарының диаметрі 8-30 мкм тең.


Жинағыш венулалардың арналары кеңдеу (30-50 мкм) келеді.
Олардың ортаңғы қабығы — медиа жекеленген миоциттерден тұрады. 
Арналарының диаметрі 5-100 мкм етті венулалардың ортаңғы қабығы
1-2 қабат бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттерінен құралған. Сыртқы 
қабығы жақсы жетілген. Венулалар арқылы қан төменгі қысыммен (10 мм
сынап бағ.) баяу (1 — 2 мм/сек.) ағады. 


Артериола-венулалық 

анастомоздар 

(жалғамалар)

артериолалардың 

капиллярларға


дейінгі

венулалармен


байланысы. 
Жалғамалар организмнің барлық мүшелерінде кездеседі. Аталған жалғамалар
мүшелердің қызметі деңгейіне байланысты керекті қанның мөлшерін реттеп 
отырады. Егер мүшелердің қызметі күшейсе, онда артериола-венулалық
жалғамалар арналары қысылып, қан капиллярларға, ал олардың қызметі 
төмендесе, керісінше, арналары ашылып, қан артериолалардан венулаларға
өтеді. Жалға-малар қабырғаларының құрылысы артериолалар мен венулалар 
қабырғаларының құрылысына ұқсас, яғни үш қабықтан тұрады.
Қан тамырларының тарамдалу заңдылықтары. Ұрықтық дамудың
бастапқы кезеңінде іштөлдің қан тамырлары тор түрінде қалыптасады. 
Жүректің жетілуіне байланысты, тамырлар торындағы қан қозғалып аға
бастайды. Қоректендіретін мүшелердің қызметіне сəйкес, қан өз кезегінде 
тамырларға əр түрлі деңгейде қысым түсіреді. Нəтижесінде əр түрлі қан
тамырлары жетіліп, олар артерияларға, веналарға жəне микроайналым 
арнасының қан тамырларына ажырайды. Жануарлар денесіндегі қан
тамырларының орналасу бағыттары мен тармақталуы белгілі заңдылықтарға 
бағынады:
1.Қан тамырлары жүйкелермен бірігіп, тамыр-жүйке будаларын түзеді. 

2. Дененің тұлға, бас жəне аяқ аумақтарына қан негізгі (магистральды) 


қан тамырлары арқылы ең қысқа жолмен бағытталады. Олар тұлғада омыртка
бағанының вентральды бетімен (қолқа, жалпы ұйқы артериялары, қуыс 
веналар), ал аяктарда, олардың медиальды немесе буындардың бүккіш
беттерімен өтеді. Магистральды қан тамырларының атаулары осы тамырлар 
өтетін дене аумақтарының аттарына не болмаса, олардың басқа қан
тамырларының аралығындағы орналасу орындарына байланысты аталады. 
3. Магистральды қан тамырларынан, олар жанымен өтетін мүшелерге
бүйірлік тармақгар бөлінеді. Олардың атаулары да, өздері тамырландыратын 
мүшенің атымен (бүйрек, қарын, бауыр артериялары т.б.) немесе орналасу
орындарына қарай (краниальды сан, каудальды, терең, беткей қан тамырлары 
т.б.) аталады.
4. Магистральды қан тамырлары бүйірлік тармақтарының дене 
аумақтарына сəйкес тарамдалуы əр түрлі жануарларда тұрақты болғанымен,
олардың таралу реттері жануарлар түріне байланысты ерекшеліктері болады. 
5. Магистральды қан тамырлары жəне олардың тармақтарының
бағыттары мен тарамдалуы хордалы жануарлар дене кұрылысының жалпы 

378
зандылықтарына 


(бірбіліктілік,


метамерия, 
екіжакты
симметриялық) 
бағынады. Дене білігінің бойымен өтетін қан тамырларына: қолқа, оның
жалғасы орталық құйымшақ жəне кұйрық артериялары, бұларға сəйкес 
каудальды қуыс вена жатады. Сегменттік (метамерлік) қан тамырлары қаңқа
мен бұлшық еттер сегменттерінде жақсы байқалады (кабырғааралық, бел, 
құйымшақ артериялары мен бұларға сəйкес веналар т.б.). Тұлғадағы оң жəне
сол аттас артериялардың, веналардың болуы — қан тамырларының екіжақты 
симметриялық заңдылығы бойынша тармақталуының дəлелі. Сонымен қатар,
тақ мүшелер қан тамырларының тақ болуы да, осы заңдылыққа бағынады. 
6. Магистральды қан тамырларын бүйірлік тармақтары бір-бірімен өзара
жалғамалар (анастомоздар — байланыстырғыш тармақтар) түзеді. Олар 
негізінен қозғалмалы мүшелерде (қарын, ішектер т.б.), аяқ буындарында,
тұлғада жақсы байқалады. Анатомоздардың арқасында коллатеральды 
(бүйірлік) қан тамырлары түзіліп, олар негізгі магистральды қан
тамырларымен катарласа орналасады. Егер кейбір себептерге байланысты, 
негізгі қан тамырларыңдағы қан ағысы қиындаған жағдайда, коллатеральды
қан тамырлары мүшелерді қанмен қамтамасыз етеді. 
7. Жануарлар организмі мүшелерінде артериялар тармақталуының төрт:
шашыраңқы, магистральды, дихотомиялық жəне соңғы тармақталу түрлері 
ажыратылады. Тармақталудың шашыранды түрінде қан тамырлары бірден
арнасы əр түрлі бірнеше тармақтарға ажырайды. Бұндай тармакталу ішкі 
мүшелердің қан тамырларына тəн. Магистральды тармақталуда негізгі
артериядан кезегімен бүйірлік тармақтар бөлініп ажырайды. Мысалы, 
қолқадан тарайтын париетальды (кабырғалық) жəне висцеральды (іштік)
тармақтар осылай тарамдалады. Дихотомиялық тармақталу кезінде, бір 
артерия бағанынан арнасы бір-біріне тең екі қан тамыры ажырайды. Осындай
жолмен өкпе артериялары, жалпы ұйқы артерия бағаны тармақталады. Соңғы 
тармақталу түрінде артериялардан таралған жіңішке қан тамырлары
араларында анастомоздар болмайды. Бұндай тармақталу мида, жүректе, 
өкпеде, бауырда, үйқы безінде, бүйректерде, көкбауырда кездеседі.
8. Анастомоздар немесе байланыстырғыш тармақтар (ramus com 
municans) бірнеше түрге бөлінеді. Олар: артерия доғалары, артерия торлары,
"ғажап торлар" ("чудесная сеть"), тамырлар тораптары, артериоло-венулалық 
анастомоздар. Артерия доғалары бір мүшеге бара жаткан бірнеше
артериолаларды өзара біріктіреді, мысалы, ішек, бақай артериялары. Артерия 
торлары (rete arteriosum) деп қан тамырлары соңғы тармақтарының бір-
бірімен байланысып, торлануын айтады. Бұған мысал тізенің дорсальды 
торы. Ғажап тамырлық тор (rete mirabile) бір артерия əуелі капиллярларға
тарамдалып, кайтадан олар бір-бірмен қосылып, артерия түзеді де, одан соң, 
ол капиллярларға таралып, содан кейін ғана олар бір-бірімен қосылып, вена
тамырына айналады. Демек, тамырлардың "ғажап торлары" не екі 
артерияның немесе екі венаның арасындағы капиллярлар торы. Ғажап
торларға бүйрек денешігіндегі артериолалар арасындағы капиллярлар 
шумағы жəне бауырдағы веналар арасындағы вена капиллярлар торы


379
жатады. Тамырлар торабын (plexus vasculosus) дененің деңгейі əр түрлі


жазықтықтары бойындағы анастомоздар бірігіп құрайды. Мысалы, мидағы


қан тамырлар торабы. Артериоловенулалық анатомоз (anastomosis arteriolo-
venularis) деп, артериолалар мен венулалардың өзара, капиллярлар
торларынсыз тікелей байланысуын айтады. 
9. Артериялардың мүшелердегі тармақталуы олардың даму, кұры лыс
жəне қызмет ерекшеліктеріне байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   435   436   437   438   439   440   441   442   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет