К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Микроайналым арнасының тамырларына



бет436/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   432   433   434   435   436   437   438   439   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Микроайналым арнасының тамырларына тым жұқа қабырғалы
жіңішке қан тамырлары; артериолалар (қызылтамыршалар), венулалар 
(көктамыршалар), қан капиллярлары (қылтамырлар) жəне артериола-
венулалық анастомоздар (жалғамалар) жатады. Лимфа капиллярлары мен 
лимфа тамырларына бай борпылдақ дəнекер ұлпасымен қоршалған
микроайналым арнасының тамырлары дене мүшелерінің қанімен қамтамасыз 
етілуін жəне керекті мөлшерде қанның қорлануын, олардағы жасушалықжəне
ұлпалық деңгейдегі зат алмасу мен ұлпалардағы артық сүйықгың ағып кетуін 
іске асырады.
Артериолалар (қызылтамыршалар) — arteriola — арнасының
диаметрі 50-100 мкм, етті артерияларды капиллярлармен (қылтамырлар) 
жалғастырып тұратын тым майда етті артериялар тарамдары. Олардың
кдбырғасы 
тым
жүқа

үш
қабықган: 


интимадан,
медиадан 
жəне
адвентициядан түрады. Артериола интимасының өзін үш қабат: эндотелий, 

375
эндотелийасты қабат пен ішкі эластинді жарғақ құрайды. Ортаңғы қабығы— 


медиа 1-2 қабатта сақинаша орналасқан бірыңғай салалы ет ұлпасының


миоциттерінен түзілгеи. Адвентицияны борпылдақдəнекер ұлпасы құрайды. 
И. М. Сеченов артериолаларды "тамырлар жүйесінің шүмегі" — деп атап,
олардың организмдегі атқаратын қызметіне үлкен баға берген. Артериолалар 
артерия қанының капиллярлар арналарына таралу деңгейін реттеп отырады.
Олардың қабырғаларындагы бір қабатта сақинаша орналасқан бірыңғай 
салалы ет ұлпасының миоциттері жиырылып босаңсып, артерия қанын
керекті мөлшерде капиллярларға бөліп, қысқыш еттің, яғни "шүмектің" 
қызметін атқарады.


183 - сурет. Микроайналым арнасы тамырларының нобаиы 
1 - артериола, 2 - венула, 3 - капиллярлар торы, 4 - артериола-венулалык 
жалғама.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   432   433   434   435   436   437   438   439   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет