денедегі "шеткі жүрек" — деп те атайды. Себебі, бұл қан тамырлардың
374
Веналардың (көктамырлар) — vena s. phlebos — қабырғалары да
интима, медиа жəне адвентиция қабықгарынан құралған. Қанның қысымы
(15-20 мм сынап баг.) мен ағу жылдамдығының (10 мм/ сек.) төмендеуіне
байланысты веналардың қабыргалары жұқа жəне куысы кең болып келеді.
Веналардың интимасында ішкі эластикалық жарғақ болмайды, яғни ол ішкі
эндотелий жəне оның астындағы эндотелийасты қабатынан тұрады. Сонымен
қатар, бұлардың йнтимасында тек жүрекке қарай гана ашылып, кднның бір
багытта ағуына көмектесетін қақпақшалар (клапандар) болады. Қақпақшасыз
веналардағы қанның агысын, арнайы қысқыштар (сфинктерлер) реттеп
отырады. Бұндай веналарды дроссельды веналар — деп атайды.
Көктамырлар ортаңғы қабығының құрылысына сəйкес, веналардың:
етсіз жəне етті түрлері ажыратылады. Етсіз веналарға сүйек, көкбауырдың
перделік, ми қабықтарының, көздің торлы қабығынық бауыр бөлікшелерінің
орталық веналарын жатқызады. Бұлардың қабырғаларын негіздік жарғақта
орналасқан эндотелий қабаты жəне оның сыртындағы жұқа талшықты
дəнекер ұлпасы құрайды.
Етті венаның қабырғасында артериялар қабырғаларындағыдай интима,
медиа жəне адвентиция қабықтары болады. Организмдегі орналасу орны мен
ортаңғы қабығының құрылысына байланысты етті венаның өзі ет кдбығы
нашар, орташа жəне жақсы жетілген веналар болып үшке бөлінеді. Ет
қабығы нашар жетілген веналар дененің жүректен жоғары жатқан
бөліктерінде жəне ас қорыту мүшелерінде кездеседі. Олардың медиасын
дəнекер ұлпалық аралықтар арқылы жалғасып жаткдн жекеленген миоциттер
шогарлары
кұрайды.
Жүрекгің
деңгейінде
жатқан
дене
мүшелері
веналарының интимасы орташа жетіледі. Ең жақсы жетілген веналардың
ортаңғы қабығы аяқтардың веналары қабырғасында болады.
Веналардағы қанның қозғалуына, олардың ортаңғы қабығындағы
миоциттердің жиырылуынан басқа көкірек қуысы тері қысымының ішке
соруы мен веналармен көрші жатқан бұлшық еттердің жиырылып, веналар
қабырғаларына қысымы жəне қақпақшалар əсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: