К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет472/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   468   469   470   471   472   473   474   475   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

1) тоқ ішек тармағы (r. colicus), тоқ ішектің бастапқы бөлімін
тамырландырады; 


2) бүйен артериясы (a. cecalis), бүйенді қоректендіреді;

3) оң тоқ ішек артериялары (аа. colicae dextrae), тоқ ішектің оң жақ
ілмегін тамырландырады. 


Ерекшеліктері. Жылқыда краниальды шажырқай артериясы қысқа
болады. Одан бірнеше артериялар мен тармақтар бөлінеді. Олар: 


1) аш ішек артериялары, ащы ішекті қоректендіретін 18-20 шақты
артерия тармақтарынан тұрады; 


2) ортаңғы жəне оң тоқ ішек артерияларының жалпы бағаны, үлкен
тоқ ішектің жоғарғы ортаңғы жəне оң бөліктерін тамырландырады. Тоқ 
ішектің жалпы артерия бағанынан бөлінетін оң тоқ ішек артериясы (a.
colica dextra), үлкен тоқішектің дорсальды жарты ілмегін тамырландырады; 


3) мықын-тоқ ішек артериясы (a. ileo-colica) өз кезегінде үш артерия
тармағына ажырайды. Олар: 


а) тоқ ішек тармағы (r. colicus) үлкен тоқ ішектің вентральды жарты
ілмегін қоректендіреді; 


ə) латеральды жəне медиальды бүйен артериялары (a. cecalis lateralis
et medialis) бүйенді тамырландырады; 


б) мықын тармағы (r. ilei) мықын ішекті қоректендіреді.

Күйіс кайтаратын жануарларда краниальды шажырқай артериясынан
көптеген аш ішек артериялары мен жанама (коллатеральды) артерия 


тармақтары бөлініп, аш ішекті қанмен қоректендіреді. Жуан ішекті

орталық тоқ ішек артериясы (a. colica mediana) жəне мықын-тоқ ішек 

артериясы (a. ileo-colica) тамырландырады. Мықын-тоқ ішек артериясынан

мықын-бүйен артериясы (a. ileo-cecalis) бөлініп шығып, бүйен тармағы мен
мықын артериясына ажырайды да, аталған мүшелерді қоректендіреді. 
Краниальды шажыркай артериясынан бөлінетін орталық тоқ ішек
артериясынан тоқ ішекті қоректендіретін тоқ ішек тармақтары (rr. colici) 
тоқішектің проксимальды ілмегі мен центрипетальды оралымдарын, ал оң 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   468   469   470   471   472   473   474   475   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет