К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет469/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   465   466   467   468   469   470   471   472   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

1) көкбауыр артериясы (a. lienalis) іш артериясынан бөлінгеннен кейін,
көкбауырға жетіп, көкбауырды тамырландырады. Көкбауыр артериясының 
соңғы тармағы көкбауырдан қарынның үлкен иініне қарай бағытталып, сол
қарын-шарбы артериясы (a. gastro-epiploica sinistra) — деп аталады. 
Карынның үлкен иінінде сол қарын-шарбы артериясы қарынның қарсы
жағынан келетін оң қарын-шарбы артериясымен (a. gastro-epiploica dexstra) 
жалғасып кетеді, яғни анастомоз жасайды. Көкбауыр артериясынан қысқа
қоректендіргіш артерия тармақтары қарынға (rr. gastrici brevis), ұйқы безіне 
(rr. pancreatici) жəне шарбыға (r. epiploici) бөлінеді.
Ерекшеліктері. Шошқада көкбауыр артериясынан сол қарын арте-
риясы (a. gastrica sinistra), карын-көкбауыр тармақтары (rr. gastroienales) жəне 
қарын буылтығының артериясы (a. diverticula ажырайды. Сол карын
артериясынан өз кезегінде өңеш тармағы (r. esophagei) бөлінеді. 


Итте көкбауыр артериясы дорсальды жəне вентральды тармақтарға
ажырайды. Вентральды артерия тармағы қарын-шарбы артериясына уласып 
кетеді.

2) сол қарын артериясы (a. gastrica sinistra) қарынның кіші иіні
бойымен өтіп, өзінен қарынға жəне ұйқы безіне қоректендіргіш тармактар 
бөледі.

193 - сурет. Карынның, бауырдың жөне көкбауырдың артериялары А - ит, Б - 

шошқа, В - сиыр, Г - жылқы
1 - сол карын а., 2 - бауыр а., 3 - іш а., 4 - кекбауыр а., 4
1
- оң қарын а. жəне оң мес 

қарын а., 5 - қарын-он екі елі ішек а., 6 - ұйқы безі-он екі елі ішек а., 7 — оң қарын а., 8 —


оң қарын-шарбы а., 9 — сол қарын-шарбы а., 10 — сол мес қарын а., 11— каудальды 
диафрагма а.,
Ерекшеліктері. 

Жылқыда
сол

қарын
артериясы 


қарынды
қоректендіретін краниальды жəне каудальды тармақтар (г. cranialis et 
caudalis) жəне өңеш пен ұйқы безіне артерия тармақтарын бөледі.

Шошқада сол қарын артериясы көкбауыр артериясынан бөлініп,
қарынның артқы бөлігіне бағытталады да, каудальды қарын артериясы (a. 
gastrica caudalis) — деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   465   466   467   468   469   470   471   472   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет