402
жəне қарын-он екі елі ішек артериясы (a. gastro-duodenalis) бөлінеді.
Қарынның үлкен иінін қоректендіруге қарын-он екі елі ішек артериясынан оң
қарын-шарбы артериясы (a. gastro-epiploica dexstra) жəне ұйқы безі-он екі елі
ішек артериясы (а. pancreatico-duodenalis) ажырайды.
Ерекшеліктері. Жылқыда бауыр артериясынан ұйқы безіне
қоректендіргіш тармақтар бөлінеді.
Күйіс кайтаратын жануарларда кұрсақ куысында орналасқан ішкі
мүшелердің орналасу орнына байланысты, іш артериясының тармақтарға
бөлінуі де ерекше түрде жүреді. Мес қарынның он жағымен өтетін құрсақ
қолқасынан ажырайтын іш артериясынан (іш артериясының үзындығы
жануарлардың түріне байланысты мысалы, сиырда оның үзындығы 12 см,
қой мен ешкіде 4-6 см) бірнеше артерия ажырайды. Олар:
1) каудальды диафрагма артериясы, жануарларда тұрақты кездесе
бермейді;
2) бүйрекүсті безінің краниальды тармағы;
3) сол қарын артериясы, мес қарын мен жұмыршақтың аралығамен
өтеді. Ол қатпаршақ маңында
қосымша жұмыршақ артериясын (a. gastrica
sinistra) бөледі де, ұлтабардың үлкен иініне қарай бағытталып.
сол карын-
шарбы артериясына (a. gastro-epiploica sinistra) айналады.
Қой мен
ешкіде
сол қарын артериясы көбіне бауыр артериясынан ажырайды.
4) бауыр артериясы ұйқы безіне қоректендіргіш тармақтар бөліп,
бауырға енгенге дейін, оң жəне сол артерия тармақтарына ажырайды. Бауыр
артериясының оң артерия тармағы — бауырдың құйрықты бөлігіне артерия
тармақтарын жəне өт қабына
өт қабының артериясын (a. cystica) бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: