К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет497/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   493   494   495   496   497   498   499   500   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

интимада, тек жүрекке қараған бағытта ғана ашылатын қақпақшалар
болады. Бұл кақпақшалар жүрекке қарсы бағытта веналардың арналарын 
жауып, қанды кері жакқа өткізбейді. Ал вена тамырларының арналары
артерия арналарына қарағанда кең болып келеді. Жануарлар денесі қан 
тамырларындағы қанның жалпы мөлшерінің 85% -ы вена тамырларының
арналарында, тек 15% -ы ғана артериялар арналарында болады. Оның үстіне, 
жануарлар денесінде вена қан тамырларының саны артериялар санына
қарағанда екі еседей көп. Сондықтан, кейбір дене мүшелерінің вена қан 
тамырларыньщ арналарында канның қоры сақталады. Мысалы, бауырдың
веналарында денедегі қанның жалпы мөлшерінің 20% -ы, көкбауырда 16%-ы, 

421
тері тамырларында 10%-ы, басқа дене мүшелерінде 36%-ы қор ретінде 


сақталады.


ВЕНА ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ 

Онтогенездің бастапқы кезеңдерінде барлықомыртқалы жануарлар
сияқты, сүтқоректі жануарлар ұрықтарының қаны, ұрық денесінің бас 
аумағынан күретамырлар, ал тұлғасынан кардинальды веналар арқылы ағып
шығады. Аталған қан тамырлары өзара қосылып, вена қойнауына қанды 
əкеліп құятын жалпы кардинальды веналарды түзеді. Бұдан сəл кейінірек,
ұрық денесінде калыптасқан аралық бүйректен қанды бауыр веналарына 
жеткізетін қарапайым қуыс вена (v. cava primitive) пайда болады.
Кардинальды веналар мен аталған осы куыс вена аралықтарыңда қан 
тамырларының жалғамалары (анастомоздар) жетіледі. Осының нəтижесінде
кардинальды веналар, өз кезегінде көкірек жəне құрсақ бөлімдерге бөлінеді. 
Оның құрсақ бөлімінен қан карапайым қуыс венаға құйылады. Ұрық (іштөлі)
денесінің артқы бөлігінен қанды алып келетін жалпы мықын веналарының 
арасында, олардың оң жəне сол кардинальды веналарға құйылар тұсында
анастомоз пайда болады. Осының нəтижесіңде қан тек оң кардинальды вена 
арқылы ғана ағатын болады. Ал сол кардинальды вена біртіндеп редукцияға
шалдығады да, ыдырап жоғалып кетеді. Оң кардинальды вена артқы куыс 
венаның бел аумағындағы бөлігіне айналады. Сөйтіп, тұрақгы артқы куыс 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   493   494   495   496   497   498   499   500   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет