К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


АЛДЫҢҒЫ ҚУЫС ВЕНАСЫ ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ



бет499/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   495   496   497   498   499   500   501   502   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

АЛДЫҢҒЫ ҚУЫС ВЕНАСЫ ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ 

Алдыңғы куыс вена (передняя полая вена) — v. cava cranialis — вена
қанын жануарлар денесінің бас, мойын аумақтарынын, алдыңғы аяқтардан 
жəне көкірек керегесі қабырғасынан жинайтын, иық-бас, оң жəне сол
бұғанаасты веналары мен күретамыр веналары қосылып кұрайтын қысқа 
вена бағаны. Аталған вена арқылы вена қаны жүректің оң жүрекшесіне
кұйылады. 


Алдыңғы куыс венаға вена қаны төмендегідей веналардан жиналады.
Олар:

1) оң жəне сол қолтық веналары (v. axillaris dextra et sinistra) алдыңғы
оң жəне сол аяқтың терең магистральды веналарының қосылуынан түзіледі; 


2) мойын веналары (w. cervicales) сол жəне оң бұғанаасты артериялары
тармақтарына сəйкес келетін веналардың қосылуынан кұралады; 


3) жұп ішкі көкірек веналары (w. thoracica interna) көкірек қабырғасы
веналарының қосылуынан пайда болады. Бұларға өз кезегінде кеуде мен 
құрсақтың теріасты веналары келіп кұяды;
4) оң тақ вена (v. azygos dextra) жылқы мен итте немесе сол тақ вена (v.
azygos sinistra) күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада вена қанын барлық 
қабырғааралық веналардан жинайды.

Ерекшеліктері. Жылқыда бас аумағынан вена қанын жинайтын оң
жəне сол күретамыр (мойындырықгык) венасы (v. jugularis dextra et sinistra) 
иықтың оң жəне сол теріасты веналарымен, оң жəне сол қолтық веналарымен
бірігіп, алдыңғы қуыс венаны түзеді.
Алдыңгы куыс венаға:
а) оң жəне сол жалпы мойын-қабырға бағаны,
ə) оң жəне сол омыртқалық веналар,
б) оң жəне сол ішкі көкірек веналары, 
в) оң тақ вена құйылады.


423
Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада күретамырлар мен


йықгың теріасты веналары жұп баған түзеді. Ал қолтық, қабырға-мойын, ішкі
көкірек, омыртқа веналарының əр қайсысы аддыңгы қуыс венага өз 
беттерімен дербес ашылады. Бұларда сол тақ вена жүректің вена қойнауына
тікелей ашылады. 


Итте алдыңғы қуыс вена оң жəне сол күретамыр веналарының
бірігуінен түзіледі. Мойын веналары жұп вена бағанын, ал ішкі көкірек 
веналар тақ вена бағанын кұрайды. Аталған вена бағандары кезегімен
алдыңғы қуыс венаға ашылады. Ал оң тақ вена алдыңғы қуыс венаға 
жүрекке жақын тұста ашылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   495   496   497   498   499   500   501   502   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет