К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


вена оң кардинальды венадан, қарапайым куыс венадан жəне бауыр веналарынан құралады.  Оң



бет498/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   494   495   496   497   498   499   500   501   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

вена оң кардинальды венадан, қарапайым куыс венадан жəне бауыр
веналарынан құралады. 


Оң жəне сол тақ веналар (v. azygos dextra et sinistra) кардинальды
веналардың көкірек бөліктерінен дамып жетіледі. Олар қанды көкірек 
керегесі қабырғасынан жинайды. Үй жануарларының ішінде жылкы мен

итте тек оң тақ вена, ал сиыр, қой, ешкі мен шошқада тек сол тақ вена ғана,
кеміргіш жануарларда екеуі де дамып жетіледі. 


Бұғанаасты веналар (w. subclavia) ұрықтық дамудың бастапқы кезінде
вена қанын кардинальды веналарға əкеледі. Қуыс веналар жетілгеннен кейін, 
бұғанаасты веналар əуелі жалпы кардинальды веналарға, одан соң орнын
өзгертіп, күретамырға барып ашылады. Осындай құрылымдық өзгерістердің 
нəтижесінде күретамырлардың жүрекке жақын жатқан соңғы бөліктері
алдыңғы қуыс веналар — деп аталынады. 
Іштөлі дамуының кейінгі кезеңдерінде алдыңғы қуыс веналардың
арасында жалғама (анастомоз) пайда болып, бас аумагынан жиналатын вена 
каны негізінен оң куыс вена (v. cava cranialis) арқылы ағады. Осының
нəтижесінде сол куыс вена құрылымдық редукцияға ұшырап, ақырында 
ыдырап жоғалып кетеді.
Жануарлар денесіндегі вена қан тамырлары бір-бірімен тығыз қызметтік 
байланыста болатын төрт вена тамырларының жүйелерін құрайды. Олар:
1) жүрек веналарының жүйесі; 
2) кіші қан айналым шеңбері веналарының жүйесі;


422
3) алдыңғы қуыс венасы тамырларының жүйесі; 


4) артқы қуыс венасы тамырларының жуйесі.


ҮЛКЕН ҚАН АЙНАЛЫМ ШЕҢБЕРІНІҢ ВЕНАЛАРЫ 

Журек веналары мен кіші қан айналым шенберінің веналары туралы 


аталған қан тамырларына байланысты алдыңғы тарауларда баяндалды. Ая
алдыңғы жəне артқы қуыс веналарынын тамырлар жүйелері бірігіп, 
жануарлар организмдерінің үлкен қан айналым шеңберінің вена тамырларын
құрайды. Жоғарыда баяндалғандай, үлкен қан айналым шеңберінің терең 
магистральды вена тамырлары аттас артериялар жəне жүйкелермен бірге
тамыр-жүйке будаларын құрайды. Ал теріасты веналары негізінен жануарлар 
денесінің мойын аумағында, кеуде жəне көкірек аумақтарының төменгі
бөліктерінде, алдыңгы жəне артқы аяқтарда жақсы жетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   494   495   496   497   498   499   500   501   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет