К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


аумағында (тізенің дорсальды торы, дистальды жəне проксимальды тескіш вена тармақтары, беткей жəне терең пальмарлы вена доғалары), шынтақ



бет503/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   499   500   501   502   503   504   505   506   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

аумағында (тізенің дорсальды торы, дистальды жəне проксимальды тескіш
вена тармақтары, беткей жəне терең пальмарлы вена доғалары), шынтақ 


буыны (иық венасы мен иықтың теріасты венасы арасындағы жалғамалар)
мен иық буыны (иық жəне қолтық веналары мен сыртқы күретамыр 
венасының арасындағы жалғамалар) аумақтарында көптеп кездеседі. Терең
жəне

теріасты


вена

тамырларының


арасындағы 
жалғамалардың
(анастомоздардың) көп болуы алдыңғы аяқтағы қан айналымның жоғары 
деңгейде жүруін қамтамасыз етіп, керек болған жағдайда олардың бірінің
қызметін бірі атқаруына, яғни аяқ веналарының компенсаторлық қызметті іс 
жүзіне асыруына мүмкіндік береді.
АРТҚЫ ҚУЫС ВЕНАСЫ ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ 


Артқы куыс вена (задняя полая вена) - v. cava caudalis — вена қанын
жануарлар денесінің артқы бөлігінен жинайды. Артқы куыс вена 5-інші бел 
омыртқаның тұсынан басталады. Құрсақ қолқасының оң жағымен
краниальды бағытта бауырға жетіп, оның доғал жиегінде вена батыңқысын 
қалдырады. Бұдан соң, ол диафрагманың сіңірлі орталығындағы тесік
арқылы көкірек куысына өтіп, жүректің оң жүрекшесіне құяды. 
Артқы қуыс венаны түзуге дененің артқы бөлігінен вена қанын
жинайтын төмендегідей веналар қатысады: 


1)жалпы мықын венасы (v. iliaca communis) орталық құйымшақ жəне
құйрық веналарының тікелей жалғасы; 


2) ішкі мықын венасы (v. iliaca interna) вена қанын жамбас қуысының
қабырғасы мен ішкі мүшелері веналарынан жинайды. Ішкі мықын венасы 

426
тармақтарының 


атаулары


ішкі

мықын
артериясынын 


артериялар
тармақтарына сəйкес келеді; 


3) сыртқы мықын венасы (v. iliaca externa) вена қанын артқы аяқ,
құрсақ қабырғасының артқы бөлімдері, сыртқы жыныс мүшелері мен желін 
веналары тамырларынан жинайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   499   500   501   502   503   504   505   506   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет