Артқы аяқтың вена тамырлары да, орналасу орыңдарына байла-
нысты, екі түрлі вена тамырларының магистралінен құралған. Олар:
1) терең веналар магистралі;
2) беткей орналасқан теріасты веналар магистралі.
Терең вена тамырларының магастралі — артқы аяқты қанмен
қамтамасыз ететін магистральды артериялар мен олардың тармақтарына
сəйкес келіп, артқы аяқ артерияларымен қатар жататын аттас вена
тамырлары. Терең вена тамырлары плантарлы жəне дорсальды бақай жəне
жіліншік терең веналарынан басталады.
Артқы аяқтың беткей теріасты веналар магистралін медиальды жəне
латеральды анық (сафена) веналары түзеді. Медиальды сафена венасы (v.
saphena medialis) немесе сирақ пен артқы аяқ басының теріасты венасы аттас артериямен қатар өтіп, сирақ пен санның медиальды бетінде жатады.
Ол дорсальды жіліншік венасынан басталады да, сан венасына құяды.
Латеральды сафена венасы (v. saphena lateralis) дорсальды жəне плантарлы
жіліншік веналары тармақтарының қосылуынан кұралады. Бұл вена
сирақтың латеральды бетінде жатады. Латеральды сафена венасы балтыр
бұлшық етінің плантарлы бетімен жүріп отырып, жинаган вена қанын
каудальды сан венасына құяды.
Ерекшеліктері. Жылқыда медиальды сафена венасы жіліншіктің
дорсальды медиальды венасынан басталады. Бұларда жіліншіктің дорсальды
латеральды венасы болмайды. Ал теріасты құрсақ венасы сыртқы көкірек
жəне сыртқы жыныс веналарымен жалғасып, алға қарай бағытталады да,
қолтық венасына кұяды.
Күйіс қайтаратын жануарларда мен шошқада латеральды сафена
венасы терең сан венасына құяды.
Итте медиальды сафена венасын түзуге плантарлы тармақтармен қатар,
жіліншіктің дорсальды тармақтары катысады.
Артқы аяқтың терең жəне теріасты вена магистральдары қанды сыртқы
мықын венасына құяды. Барлық жануарларда сыртқы мықын венасы ішкі
мықын венасымен қосылып, жалпы мықын венасын түзгенге дейін, терең