Ерекшеліктері. Жылқыда бұл түйіндердің саны — 4-2, мөлшері 1,5 -
2,5 см. Сиырда лимфа түйіндерінің саны — 1-2, ұзындығы 1,5-2,5 см, ал
ұсақ малдарда үзындығы 1,0-1,5 см. Шошқада лимфа түйіндерінің саны —
12, мөлшері 0,5-4,0 см. Итте бұл түйіндер болмайды.
б)сыртқы мықын лимфа түйіндері (In. iliaci externi) құрсақ
қабырғасының медиальды бетінде, сыртқы мықын артериясынан терең сан
артериясы ажырайтын тұста орналасады. Лимфа түйіндері лимфаны жамбас
аумағынан, артқы аяқтан, бел жəне қүрсақ бұлшық еттерінен жинап, бел
цистернасы мен медиальды мықын лимфа түйіндеріне өткізеді.
Ерекшеліктері. Жылқыда бұл түйіндер болмайды. Сиырда бір түйін
болады, оның пішіні жалпақ дөңгелекше келген, диаметрі 5-8 см, ал ұсақ
малдарда 4-5 см. Шошқада лимфа түйінінің саны — 3-4, мөлшері 1,0-3,0 см.
Итте сирек кездеседі.
в)құрсақасты лимфа түйіндері (In. hypogastricі) ішкі мықын ар-
терияларының аралығында орналасады. Лимфа түйіндері лимфаны жамбас
қуысының қабырғасынан жинап, медиальды мықын лимфа түйіндеріне
өткізеді.
Ерекшеліктері. Жылқыда лимфа түйіндерінің саны — 5-10, олардың
мөлшері 0,3-2,0 см. Күйіс қайтаратын жануарлардалимфа тұйіндерінің
саны тұрақты болмайды. Кейде тек бір лимфа түйінінен ғана тұрады.
Шошқада 2-5, ал итте 1-4 лимфа түйіндері болады.
г)құйымшақ лимфа түйіндері (In. sacrales) құйымшаққа жақын,
жамбастың жалпақ байламы маңында жатады. Орналасу орындарына қарай:
латеральды жəне медиальды лимфа тұйіндері болып бөлінеді. Латеральды
лимфа түйіндері лимфаны құйымшақ аумағының бұлшық еттерінен, ал
медиальды лимфа түйіндері жамбас қуысында орналасқан жыныс
мүшелерінен жинап, медиальды мықын лимфа түйініне өткізеді.