ə)бүйрек лимфа түйіндері (In. renales) бүйрек қақпасы мен бүйрек
артериялары бойында орналасады.
Ерекшеліктері. Жылқыда лимфа түйіндерін саны — 10-18, ал сиырда 2-5.
б)жұмыртқалық лимфа түйіні (In. ovaricus) жұмыртқалық байланында
орналасады. Барлық жануарларда тұракты болмайды. Еркек жануарларда ен
лимфа түйіні (In. testicularis) - деп аталады. Бұл түйін тек қабанда ғана
болады.
Іш лимфа орталығы (чревный лимфоцентр) — lc. celiacum.
а)іш лимфа түйіндері (In. celiaci) іш артериясынын құрсақ қолқасынан
ажырар тұсында шоғарлана орналасады. Лимфаны іш батаны арқылы бел
цистернасына өткізеді.
Ерекшеліктері. Жылқыда бұл түйінлердің саны — 12-30. Күйіс
кайтаратын жануарларда 2-5, шошқада 2-4 лимфа түйіні болады.
ə)бауыр (қақпалық) лимфа түйіндері (In. hepatici s. portaies) бауыр
қақпасында орналасады.
Ерекшеліктері. Жылқыда мөлшері 0,4-9,0 см -дей болатын 4-10
лимфа түйіні, сиырда мөлшері 1,0-5,0 см дей 5-8, ұсақ малдарда 5-6 лимфа
түйіндері болады. Шошқада бұл түйіндер қакпалық вена маңында жекеленіп
немесе шоғарлана орналасады. Итте орналасу орыңдарына байланысты оң
жəне сол бауыр лимфа түйіндері болып бөлінеді.