496
Көру жүйкесінің көз алмасының артқы жағындағы тесігі арқылы торлы
қабықтан шығатын дөңгелек келген дөңес тұсында жарық сезгіш
нейроциттер болмайды. Сондықтан, бұл жерді "
соқыр дақ"— деп атайды.
Көз алмасының білігі бойындағы торлы қабықтың дөңгелек немесе сопақ
келген бөлігін
сары дақ дейді. Оның ортасындағы шұңқырлау жерін
орталық шұңқыр — деп атайды. Орталық шүңқыр торлы қабықтың ең
жақсы көретін бөлігі. Көру талдағышының қыртысты орталығы үлкен ми
сыңарлары қыртысының шүйде аймағында орналасады.
Көздің көмекші мүшелеріне: көздің бұлшық еттері, қабақ жəне көзжасы
аппараты жатады. Бұлшық еттер көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасынан
құралған. Қабақтарға жоғарғы жəне төменгі қабақтар жатады. Олардың
сыртқы қабатын тері, ішкі қабатын көздің кілегейлі қабығы жəне олардың
аралығындағы борпылдақ дəнекер ұлпалық аралық пен ондағы ет шоғырлары
құрайды. Қабақтарда кірпіктер болады.
Достарыңызбен бөлісу: