К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет583/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   579   580   581   582   583   584   585   586   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Артқы шекаралық пластинка қалыңдығы 5-10 мкм, диаметрі 10 нм
коллаген талшықтары мен аморфты заттан құралған талшықты құрылым. 


Артқы 

эпителий
бірқабатты 
жалпақ
эпителийден 
тұрады.
Эпителиоциттерінің пішіні көпбұрышты болып келеді. Қасаң қабықта қан 
тамырлары болмайды. Ол көздің алдыңғы камера сұйығы жəне лимба қан
тамырлары арқылы қоректенеді. 


Ақ қабық (склера)— қалыптасқан тығыз дəнекер ұлпасынан құралған,
қалыңдығы 0,4-0,6 мм көздің сыртқы қабығы. Дəнекер ұлпасын бір-бірімен 
параллельді, бір бағытта тығыз орналасқан коллаген талшықтарының
шоғырлары мен олардың аралықтарында бір қатарда жатқан фиброциттер 
кұрайды. Ақ жəне қасаң қабықтар аралығындағы лимба аймағында ақ
қабықтың коллаген талшықтарының шоғырлары аралықтарында бір-бірімен 
тарамдала байланысқан куыстар болады. Олар ақ қабықтың веналық
қойнауларын (шлемм өзектерін) түзеді. Ақ қабықтың ішкі бетінің нұрлы 
қабықка өтетін бұрышты аймағыңда, көздің алдыңғы камерасы сұйытының
ақ қабықтың веналық қойнауына ағып өтуін қамтамасыз ететін қырлы 
байлам орналасады. Ақ қабықтың алдыңғы бөлігін көздің кілегейлі қабығы
қаптап жатады, ал оның артқы бетіне көздің бұлшық еттері бекиді. 


Тамырлы қабықтың бөліктері: 

І.Өзіндік тамырлы қабық торлы қабықты қоректендіреді. Ол
сыртынан ішіне қарай төрт қабаттан құралған. Олар: 
а)тамырлыүсті пластинкасы ақ қабықпен шектеседі. Оны борпылдақ
дəнекер ұлпасы құрайды. Құрамында меланоциттер көптеп кездеседі. 
ə)тамырлы пластинка артерия жəне вена қан тамырларынан, олардың
аралықтарындағы борпылдақ дəнекер ұлпасынан тұрады. Жекеленген 
миоциттер мен көптеген меланоциттер кездеседі.

б)тамырлы-капиллярлы пластинканы тар арналы қан тамырлары мен
капиллярларға 
бай
борпылдақ 

дəнекер
ұлпасы

құрайды.
Қан

капиллярларының біраз бөлігі синусоидты (қойнауша) капиллярларға


жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   579   580   581   582   583   584   585   586   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет