494
тəрізді денемен жанасып, көз алмасының артқы бөлігін астарлап жатады.
Торлы қабық екі бөлімнен: жарық сезгіш жəне жарық сезбейтін бөлімдерден
тұрады. Соңғы бөлім нұрлы қабықпен кірпікті дененің артқы беттерін
астарлайды. Оның құрамында жарық сезгіш (фоторецепторлы)
нейроциттер
болмайды. Тек пигментті эпителиоциттерден құралған. Жарық сезгіш
бөлімді:
сыртқы жұқа пигментгі қабат жəне ішкі негізгі
жүйкелі қабат
құрайды. Пигментті қабат бір қабатта орналасқан, пішіні алтыбұрышты биік
призма тəрізді эпителий жасушалары —
пигментоциттерден тұрады. Олар
сыртқы тамырлы қабықтан негіздік жарғақ арқылы бөлінген.
Ең биік
пигментоциттер сары дақ маңайында, ал аласа
жалпақ жасушалар торлы
қабықтың шеткі жағында орналасады. Пигментоциттердің апикальды
ұшындағы
микробүрлер
фоторецепторлы
таяқша
жəне
сауытша
нейроциттердің сыртқы дистальды буындарымен (сегменттер) жанасып,
оларды қоршап жатады. Бір пигментоциттің микробүрлері 30-45 таяқша
нейроциттердің
сыртқы
буындарымен
жанасады.
Микробүрлер
цитоплазмасында жалпы органеллалар, меланосомалар, фагосомалар болады.
Сауытша нейроциттердің сыртқы буындарын қоршайтын микробүрлер
ұзындау келеді. Олардың цитоплазмаларында органеллалар болмайды. Тек
меланосомалар кездеседі. Пигментоциттер меланосомалары тым күшті
жарықтан фоторецепторлы нейроциттерді қорғайды. Пигментоциттердегі
фагосомалар сезгіш фоторецепторлы нейроциттердің
сыртқы буындарының
жарамсыз бөліктерін фагоцитоз арқылы жою кезінде ғана түзіледі.
Сондықтан,
пигменттоциттерді
жүйке
жүйесінің
маманданған
макрофагтарының ерекше түрлеріне жатқызады. Көз алмасына өтетін жарық
сəулелерінің 85-90 % -ын меланосомалар жұтып, көздің көру мүмкіндігін
күшейтіп, родопсиннің ыдырауын төмендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: