К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет588/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   584   585   586   587   588   589   590   591   ...   607
ЕСТУ-ТЕПЕТЕҢДІК МҮШЕСІ 

Есту-тепетеңдік мүшесі немесе құлақ (преддверноулитковый орган) ~
organum vestibulo-cochlearis s. auris — аттас талдығыштың шеткі қабылдағыш 
бөлімі. Есту-тепетеңдік талдағышының өткізгіш жолдары қызметін есту-
тепетендік жүйкесі атқарады. Орталықтары сопақша ми ядроларында, мишық 
қыртысында жəне үлкен ми қыртысының самай бөлігінде орын тепкен. Есту-
тепетеңдік мүшесі қоршаған ортадан келетін дыбысты, салмақ күшін 
(гравитациялық), тербеліс, сызықтық жəне бұрыштық əсерлерді қабылдайтын
сезім мүшесі. Ол екінші сезімтал (эпителиосенсорлы) сезім мүшелеріне 
жатады. Құлақ үш бөлімнен: сыртқы, ортаңғы жəне ішкі құлақтан тұрады.
Есту-тепетеңдік мүшесінің қабылдағыш рецепторлары ішкі кұлақтың 
жарғақты шытырманында орналасады. Ал сыртқы жəне ортаңғы кұлақтар
көмекші құрылымдар қызметін аткарады. 


Сыртқы құлақ (auris externa) құлақ қалқанынан, сыртқы есту жолынан
жəне дабыл жарғағынан тұрады. Құлақ калқаны ауадағы дыбыс тербелістерін 
қабылдап, сыртқы дыбыс жолымен ортаңғы құлақ арқылы есту мүшесі ішкі
құлаққа бағыттайды жəне дыбыстың шыққан жерлерін анықтайды. Бұлшық 
еттерінің жақсы жетілуіне байланысты кейбір жануарлардың құлақтары
қозғалмалы (жылқы, ит
,
мысық т.б.) келеді. Құлақ қалқанының негізін 

сыртынан терімен қапталған эластинді шеміршек құрайды. Терінің ішкі


бетінде қылшықтар, май жəне тер бездері болады. Қылшыктар майда 
жəндіктер мен шаң-тозаңның сыртқы есту жолына енуіне жол бермейді. Тер
бездері кұлақтың бұлағын түзетін пигментті кілегейлі сөл бөліп, ауадағы 
шаң-тозаңнан жəне дабыл жарғағын кебірсініп калудан сақтайды. Дабыл 

жарғагы (membrana tympani) қалыңдығы 0,1 мм, сыртқы жəне ортаңғы
құлақтар шекарасындағы жұқа терілі перделік. Дабыл жарғағына ортаңғы 
құлақ жағынан балғаша сүйектің тұтқасы бекиді.


497
Ортаңғы құлақты (auris media) ішкі беті бірқабат призма тəрізді


кірпікшелі эпителиймен астарланған сүйектік дабыл куысы мен оның
ішіндегі бір-бірімен буындар жəне бұлшық еттер арқылы қозғалмалы 
байланысқан есту сүйекшелері: балғаша (malleus), төс (incus), жасымықша
(lenticulatus) жəне үзеңгіше (stapes) сүйекшелер құрайды. Есту сүйекшелері 
дабыл қуысы қабырғасына байламдар арқылы байланысқан. Дабыл
қуысының ортаңғы құлақ пен ішкі құлақ арасындағы қабырғасында екі: 
сопақ жəне дөңгелек тесік немесе "терезе" болады. Сопақтерезені үзеңгіше
сүйекше табанының жарғақты тақташасы мен байламдары жауып тұрады. Ол 
дабыл қуысын ішкі құлақтағы ұлудың кіреберістік (вестибулалық)
баспалдағынан бөледі. Дөңгелек терезені ортаңғы құлақтың дабыл куысын 
ұлудың дабылдық баспалдағынан бөліп тұратын талшықты жарғақ жауып
тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   584   585   586   587   588   589   590   591   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет