К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет596/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   592   593   594   595   596   597   598   599   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

ТЕРІ СЕЗІМІ (СИПАП СЕЗУ) МҮШЕСІ 

Тері сезімі мүшесі эпителиосенсорлы сезім мүшелеріне жатады. Оның
рецепторлары тері эпидермисінде орналасады. Тітіркеністерді сезімтал 
эпителиоциттер қабылдап, денелері жұлын жүйкелері мен үшкіл ми
жүйкесінің дорсальды түбіршіктері бойында жатқан жүйке ганглийлері 
нейроциттерінің дендриттеріне өткізеді. Жүйке толқындары жұлын
ганглийлерінен жұлынға, одан əрі аралық мидың сезімтал қыртысасты, содан 
соң, үлкен ми қыртысындағы тері сезімі талдағышының орталықтарына, ал
үшкіл ми жүйкесі ганглийінен тікелей ми орталықтарына жеткізіледі. 
Сезім мүшелері бойынша бақылау сұрақтары: 

1. Талдағыштар деген не жəне олар қандай бөлімдерден тұрады? 


2. Рецепторлардың қандай түрлерін білесіз? Олар тітіркеністерді дененің қандай
бөліктерінен қабылдайды? 
З.Қандай экстерорецепторларды білесіз?
4.Көру мүшесінің құрылысы жəне орталықтары. 
5.Есту-тепетеңдік мүшесінің құрылысы жəне орталықтары.
б.Иіс, дəм, тері сезімі мүшелерініц құрылысы жəне орталықтары. 
7.Тақырып мəтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып,
оларды жаттаңыз. 


XV тарау. ҚҰС АНАТОМИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Құстардың ұшуға бейімделуі, олардың дене мүшелері кұрылысында 

жануарлармен салыстырғанда біраз өзгерістердің қалыптасуына ықпалын


тигізді. 

503



Қаңқа. Құстардың қаңқа сүйектері жеңіл де, берік келеді. Жіліктерінің 
куыстары ауаға толған. Бассүйек сүйектері тұтаса бірігіп кеткен. Олардың
араларындағы жіктер білінбейді. Бет бөлімінде мұрын, тұмсық жəне жоғарғы 
жақ сүйектер бірігіп, ми сауыты бөлімімен қозғалмалы байланысатың
тұмсықүсті қаңқасын құрайды. Жоғарғы жақ жəне төменгі жақ сүйектерінде 
тіс болмайды. Оларды бір-бірімен өзара буындар арқылы қозғалмалы
байланысқан таңдай, қанатша жəне шаршы сүйектер жалғастырады. Тауықта 
— 13-14, үйректе — 14-5, қазда — 17-18 мойын омыртқалары болады.
Олардың жоталық өсінділері нашар, көлденең өсінділері жақсы жетілген. 
Омыртқа денелері бір-бірімен буындар арқылы қозғалмалы байланысқан.
Бірінші мойын омыртқа бассүйекпен шүйде сүйек төмпегі арқылы 
байланысады. Көкірек омыртқалары тауықта — 7, үйрек пен қазда — 9.
Олардың 1-інші жəне 2 -нші, тауықта 6 -ншы жəне 7-ныгі, үйрек пен қазда 8 -
інші жəне 9 -ыншы көкірек омыртқалары бір-бірімен буын арқылы
қозғалмалы байланысқан. Бұлардың аралықтарындағы қалған көкірек 
омыртқалары бір-бірмен өзара тұтаса байланысып бірігіп кетеді. Соңғы
көкірек омыртқасы бел жəне құйымшақ омыртқаларымен бірігіп, біртұтас 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   592   593   594   595   596   597   598   599   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет