К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет599/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   595   596   597   598   599   600   601   602   ...   607
Құс қауырсыны теріні сыртынан жауып тұратын тері жабынының
мүйізді туындысы. Ол сояудан жəне мамықтан тұрады. Сояу (scapus) өз 
кезегінде: қалам мен сабақтан құралған. Қалам (calamus) – қауырсын
сояуының теріге кіріп тұратын бөлігі, ая сабақ (rachis) - мамықты ұстап 
тұратын сояудың қалған бөлігі. Мамық (vexillum) сабақтан қарама-қарсы
бағыттарда таралған күрделі тарамдардан құралған. Сабақтан аддымен 
қарама-қарсы жақтарға бұтақтар (rami), бұтақтардан сəулелер (radii),
сəулелерден қармақща ілгектер (hamulus radioli) таралады. Қармақша 
ілгектер бір-бірімен ілінісіп жалғасып мамықты жасайды.


217 сурет. Қауырсынның құрылысы. А — қағу қауырсыны, 

Б — мамықтың бір бөлігі. 
1 - сояу, 2 - мамық, 3 - қалам, 4 - бұтақтар, 5 - сəулелер, 6 -кармақша 
ілгектер.


Қауырсындар - терінің сыртқы жамылғысы. Орналасу орыңдары мен 
қызметтеріне байланысты қауырсындар бірнеше түрге бөлінеді. Оларға
жамылғы, мамық, қағу жəне бағыттау қауырсындары жатады. Жамылғы 

505



қауырсындар (реппае) теріні сыртынан жауып қаптап, құс денесіне белгілі 
пішін береді. Мамық қауырсындар (plumae) майда жұмсақ болып келеді.
Олар

жамылғы
қауырсындардың 


астыңда
орналасады. 
Бұлардың
сəулелерінде қармақша ілгекгер болмайды. Мамық қауырсыңдар құстар дене 
қызуын сақтап, бірқалыпты деңгейде ұстап тұрады. Ауа ағамына төзімді
ұзын да, жалпақ қағу қауырсындары (remiges) құс қанатының негізін 
құрайды. Құстың үшып-қонуын қамтамасыз ететін құйрықтың негізін
бағыттағыш қауырсындар (rectrices) түзеді.
Құстардың тері туындыларына қауырсындар мен тері бездерінен басқа
мүйіз тырнақтарды, құс тырнақтарының аралықтарындағы тері жарғақтарын,
мүйіз тұмсықты, айдарды, сырғалықты, сақалдықты жатқызуға болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   595   596   597   598   599   600   601   602   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет