К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


 — сурет. Сүтқоректі жануарлар зиготасының бөлшектенуі



бет88/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

39 — сурет. Сүтқоректі жануарлар зиготасының бөлшектенуі. 
1 — мөлдір қабық, 2 — бағыттаушы денешіктер, 3 — бластомерлер, 4 — 
трофобластты түзеұлпа ақшыл бластомерлер, 5 — эмбриобластты құрайтын
бластомерлер, 6 — трофобласт (қоректендіргіш қабық), 7 - эмбриобласт (ұрық түйіні). 

Сыртқы ақшыл бластомерлер жедел бөліну арқылы көбейіп, моруланың 


ортасында топтаса орналасқан күңгірт бластомерлерден ажырап, екеуінің


арасында қуыс пайда болады да, ұрык көпіршік тəрізді жетіліп, 


бластодермалық көпіршік немесе стерробластула (бластоциста) — деп
аталады. Көпіршіктің сыртқы қабырғасын құрайтын ақшыл бластомерлер 
өздерінен сұйық белокты өнімді стерробластула куысы — бластоцельге
бөліп, жинақтау арқылы күңгірт бластомерлері қоректендіреді. Сондықтан, 
стерробластуланың
сыртқы

қабығын


трофобласт
(қоректендіруші 
құрылым)— дейді. Ал трофобласттың бір қабырғасына жанаса орналасқан
бластодермалық көпіршіктің ішіндегі ірі күңгірт бластомерлер тобын ұрық 


түйіні немесе эмбриобласт (пішініне сəйкес ұрық табақшасы — деп те
аталады.) — деп атайды. Эмбриобласттан ұрықтың денесі мен оның дамуын 
қамтамасыз ететін ұрықтантыс мүшелер дамиды.

40 ~ сурет. Макака маймылының 9 күндік ұрығы имплантация кезеңінде 

(Вислоцкий жəне Стритер бойынша) 


92
1 — эмбриобласт, 2 — жатыр қабырғасымен байланысқан трофобласт бөлігі, 3 — 


жатыр қабырғасы кілегейлі қабығының эпителий қабаты, 4 - жатыр қабырғасы кілегейлі


қабығының өзіндік тақташасы (борпылдақ дəнекер ұлпасы), 5 — жатыр кілегейлі 
қабығындағы бездер.
Трофобласт — стерробластуланың ұрықтантыс бөлігі. Ол эмбрионды 

жатыр бездерінің сөлі құрамындағы қоректік заттармен қамтамасыз етеді.


Сонымен қатар, ол эмбриобласт үшін қорғаныс қызметін де атқарады. 
Кейіннен трофобласттың сыртқы бетінде түзілген бүрлердің көмегімен ұрық,
жатырдың қабырғасына жабысып байланысып, жатыр арқылы қоректене 
бастайды. Ұрықтың жатыр қабырғасына байланысу процесін имплантация
(лат. im — ішке ену, plantatio — қондыру) — деп атайды. Имплантация 
сиырда — 17 күнде, биеде — 63-70 күнде жүреді.
Бөлшектену процесі жұмыртқа жолында басталып, жатырда аяқталады. 
Ол зиготаның мөлдір қабығы мен ұрықтану қабығы астында жүріп, əр түрлі
жануарларда: 3-4 күннен (қой, ешкі, мегежін) 8-9 күнге (сиыр, бие) дейін 
созылады. Ұрықтың бластомерлері көбейгенмен, оның мөлшері ұлғаймай,
бөлшектену зигота түзілгендегі мөлдір жəне ұрықтану қабықтарының ішінде 
өтеді. Аталған жұмыртқа жасушасының қабықтары тек гаструляция процесі
басталар алдында ғана (мегежінде — 8 -інші, қой мен ешкіде — 10-ыншы, 
сиырда — 13 -інші күндері) ериді.
Гаструляция процесі эмбриобластта деламинация (бластомерлер тобы 
екіге жарылып, эктодерма жəне энтодерма түзіледі) жəне иммиграция (ішке
көшу) арқылы жүреді. Эмбриобласт ұрық түйініне айналып, оның сыртқы 
ұрық жапырақшасы — эктодерма трофо-бластпен жанасып, ал ішкі бетіндегі
энтодерма бластоцель жағында орналасады. Трофобласттың үрық түйіні 
эктодермасымен
жанасқан 
бөлігі
ьщырап

кетеді
де,

эктодерма
трофобласттың қалған бөліктерімен жалғасып, эмбриобласт бетінде 
орналасқан біртұтас ұрыққа айналады. Ұрық табақшасының ұрық организмі
дамитын ортаңғы ұрықтық бөлігінен ұрық қалқаншасы түзіледі. Ал оның 
шеткі ұрықтантыс бөлігінен ұрықтантыс мүшелер: қағанақ, несепқабық,
бүрліқабық дамиды. Гаструляцияның екінші кезеңіндегі морфологиялық 
өзгерістер, атап айтқанда: иммиграция арқылы біріншілік жолақ пен
біріншілік түйіннің, біріншілік сай мен біріншілік шұңқырдың түзілуі, жүйке 
түтігі, хорда мен мезодерма бастамаларының қалыптасуы, жалпы ұрық
жапырақшалары мен біліктік мүшелердің дамып, күрделене өзгеруі — құс 
гаструляциясының екінші кезеңінде болатын процестерге ұқсас жүреді. Ұрық
гаструляциядан кейін эмбриогенездің гистогенез, органогенез, системогенез 
сатыларынан өтіп, құрылысы күрделі іштөлі организміне айналады. Ұрықтың
жатырдағы дамуын қамтамасыз ететін ұрық қабықтарының түзілуі, жетілуі, 
атқаратын қызметі жəне ұрық-жолдастың дамуы, құрылысы, жануарлар
түрлеріне баланысты түрлері "Эмбриондық дамудың негізгі кезеңдері" 
тақырыбында толығымен берілді.
Сүтқоректілер ұрығының құрсақтағы даму мерзімін үш кезеңге бөледі: 


93



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет