К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Бірқабатты текше (куб) тəрізді эпителий



бет96/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Бірқабатты текше (куб) тəрізді эпителий организмдегі без өзектері
мен бүйрек нефрондарының, қалқанша безі фолликулдарының қабырғасын 
астарлайды. Негіздік жарғақта бір қабатта орналасқан, пішіні текше тəрізді
эпителий жасушаларының биіктігі мен ені шамалас. Мөлшері біркелкі 
дөңгелек келген эпителиоциттер ядролары бір деңгейде жəне бір қатарда,
жасушалар цитоплазмасының ортасында орналасады. Бірқабатты текше 
тəрізді эпителий без өзектерінде — шектеу жəне шекаралық, фолликулдар
қабырғаларында зат алмасу қызметін атқарады, ал бүйректе несеп түзуге 
қатысады.
Бүйрек

нефрондары


қабырғасындағы 
текше
тəрізді

эпителиоциттердің апикальды ұшында алғашқы несептен керекті заттарды


(глюкоза, амин қышқылдары, тұздар, су) кері соруға маманданған, жасуша 
плазмолеммасынан түзілген микробүрлер, ал негіздік (базальды) ұшында
эпителиоцит плазмолеммасы қатпарларынан құралған базальды жолақ 
болады. Микробүрлер эпителиоцит плазмолеммасының сору ауданын 30-40
есе үлкейтеді. Базальды жолақта, керісінше, зəр құрамына шығарылатын азот 
жəне белок алмасуларының ыдырау өнімдері синтезделеді. Бірқабатты текше
тəрізді

эпителий


эктодермадан 
(қалқанша
безі

фолликулдарының


қабырғаларында), мезодермадан (бүйрек өзекшелерінің қабырғаларында) 
жəне энтодермадан (без өзектерінің қабырғаларында) дамиды.
Бірқабатты призма (цилиндр) тəрізді эпителий негіздік жарғақта
бірқабатта орналасқан, пішіні призма тəрізді элителиоциттерден тұрады. 
Олардың биіктігі енінен əлдеқайда ұзын болып келеді. Эпителиоциттердің
сопақ келген ядролары бір қатарда орналасады жəне негіздік жарғаққа жақын 
жатады. Құрылысы мен қызметіне байланысты эпителий бірнеше түрге
бөлінеді. Бірқабатты призма тəрізді безді эпителий безді қарын мен жатыр 
мойнының
кілегегейлі 
қабықтарын
астарлайды. 
Бұл
эпителийдің 

эпителиоциттері шекаралық шектеу қызметімен қатар, кілегейлі сөл бөледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет