К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


 - сурет. 120 күндік сиыр іштөлі ұрық қабықтарымен бірге



бет90/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

41 - сурет. 120 күндік сиыр іштөлі ұрық қабықтарымен бірге 
1 — котиледондар (хорион бүрлерінің жиынтығы), 2 — кіндік. 


V тарау бойынша бақылау сұрақтары: 
1. Эмбриология туралы жалпы түсінік беріп, эмбриогенездің негізгі кезеңдеріңе 
тоқталыңыз.
2. Прогенез деген не? Гаметогенез, оның түрлері. 
3. Сперматогенезге түсінік беріп, оның кезеңдеріне сипаттама беріңіз.


94
4. Овогенез қандай кезеңдерден тұрады? Оларға сипаттама беріңіз. 


5. Жыныс жасушалары, олардың дене жасушаларынан айырмашылықтары.


6. Сперматозоидтың кұрылысы жəне оның маңызы. 
7. Сарыуыздың мөлшеріне байланысты овоциттің жіктелуі.
8. Сүтқоректілер овоцитінің құрылысы. 
9. Тауық жұмыртқасынын кұрылысы.
10. Ұрықтану жəне оның биологиялық маңызы. 
11. Бөлшектену жəне оның əр түрлі жануарлардағы ерекшеліктері.
12. Гаструляция жəне оның кезеңдері, əр түрлі жануарлардағы ерекшеліктері. 
13.Гистогенез: эктодерма, энтодерма, мезодерма, мезенхима жəне біліктік мүшелерден
қандай ұлпалар дамиды? 
14.Ұрық қабықтары, олардың құрылысы жəне маңызы. Құс жəне сүтқоректі
жануарлар ұрық қабықтарының құрылысындағы ерекшеліктер. 15.Ұрыкжолдастың 
құрылысы, əр түрлі жануарларға байланысты оның түрлері.

VI тapay. ҰЛПА ТУРАЛЫ ІЛІМ 

Жалпы гистология 

Жер жүзіндегі органикалық дүниенің эволюциялық дамуы белгілердің 


ажырау (белгілер дивергенциясы) заңдылығымен жүріп, осының нəтижесінде
қазіргі таңда, жануарлар əлемінде шығу тегі бір жануарлардың көптеген 
түрлері өмір сүріп, тіршілік етіп жатыр. Жануарлар организмін құрайтын
түрлі ұлпалардың біртекті жасушалардан дамуы да, осы белгілердің ажырау 
зандылығына бағынады. Ұрықтың біртекті бластомерлерінен əртекті түрлі
ұлпалардың дамуы мен жетілуін жете зерттеп, орыс ғалымы Н. Г. Хлопин 
"ұлпалардың дамуы дивергенциясы теориясының" негізін қалап, оны одан əрі
дамытқан. 
Эволюциялық дамудың нəтижесінде белгілері жағынан əлде-қашан бір-
бірінен ажырап, ешқандай да үқсастығы жоқ жануарлар организмдеріндегі 
ұқсас қызметтер атқаратын ұлпалардың құрылысы бір-біріне ұқсас келеді
екен. Бұл зандылықты зерттеген орыс ғалымы А. А. Заварзин ұлпалардың 
дамуындағы "параллельдік қатарлар теориясын" жасаған.
Жануарлар организмі ұлпаларының (тканьдерінің) даму процесі — 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет