К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет101/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Қылтанақты қабатты бір-бірімен өзара десмосомалы жанасулар жəне
цитоплазмалық қылтанақтар арқылы байланысқан, көпбұрышты дөңгелек 
ядролы эпителиоциттер құрайды. Бұл қабаттың өзі 5 - 8 кератиноциттер
қабаттарынан тұрады. Олардың цитоплазмасында эпителий жасушаларының 
қабаттары үшін тіректік қызмет атқаратын мүйізделген белокты жіпшелер —
тонофибриллалар шоғырлары болады. Олар тонофиламенттерден түзіледі. 
Кератиноциттер митоз арқылы бөліну қабілетін жоймайды. Базальды жəне
қылтанақты қабаттар кератиноциттері аралықтарында меланин бояғыш 
затын жинап, эпидермистің түріүсін анықтайтын — меланоциттер, қорғаныс
қызметін атқаратын эпидермис макрофагтары — дендроциттер мен 


лимфоциттер кездеседі.

Дəншелі қабат пішіні жалпақтана бастаған, тығыз ядролы 2-4
кератиноциттердің қабаттарынан тұрады. Бұл қабаттағы эпителиоциттер 
цитоплазмасында органеллалардың саны кеміп, жұмсақ мүйізді зат —

кератогиалин дəншелері түзіледі. Соңдыктан, дəншелі қабат — деп
аталады. 


Жылтырауық қабатты құрайтын кератиноциттерде жасуша
органеллалары мен ядролары толык жойылып, олардьщ орнын бір-
бірімен қосылып, жұмсақ мүйізді массаға айналған кератогиалин дəншелері
толтырады, яғни олар жалпақ жылтырауық мүйізді жасушаларға айналады. 
Жылтырауық кабат 1-2 қабат осындай жалпақ эпителиоциттерден тұрады.
Бұлар микроскоппен қарағанда жарық сəулелерін сындырып, жылтырап 
тұрады. Қышқылдык бояулармен жақсы боялатын жылтырауық қабат
кератиноциттерінің жұмсақ мүйізді затын элеидин — деп атайды. 


Мүйізді қабатты эпителиоциттер цитоплазмасындағы жұмсақ элеидин,
қатты мүйізді зат — кератинге айналып мүйізделген кератиноциттер (мүйізді 
қабыршактар) құрайды. Мүйізді қабыршақтар кератиннен жəне олардың
аралығындағы 
ауа
көпіршіктерінен 

құралған.


Эпидермистің 
беткей


104
қабаттарыңдағы мүйізді қабыршақтар лизосома ферменттерінің əсерінен бір-


бірімен байланысын үзіп, қайызғақтанып түсіп отырады. Өсу кабатындағы


бөліну арқылы көбейіп жатқан кератиноциттер жоғары жылжи көтеріліп, 
беткей қабаттардағы қайызғақтарға айналып түсіп жаткан мүйізді
кератиноциттердің орнын басады. Эпидермистін мүйізді қабаты серпімді 
келеді жəне жылылықты нашар өткізеді. Ол механикалық қорғаныс, дене
кызуын сақтау сиякты кызметтер атқарады. 
Терінің түкті бөлігіндегі эпидермис үш: базальды, қылтанакты жəне
мүйізді қабаттардан тұрады. Көпқабатты жалпақ мүйізделетін эпителий 
эктодермадан дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет